Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2851 0 пікір 4 Қазан, 2011 сағат 09:49

Жамбыл ҚЫРҒЫЗБАЙ. Өкінген өзбекті көрмедік...

Өзбек ағайындар орыс тілін аптасына бір-ақ рет оқытуға көшіпті. Осыдан зардап шеккен адам болсайшы, өкініштен өзегі өртенген өзбек жоқ. 1991 жылы тәуелсіздік алысымен ала тақиялылардың арманы тек өзбек тілін өркендету болыпты. Солай болды да. Бүгінде ел орталығы - Ташкентте газет-журналдар сататын дүңгіршектерден орыс тілінде бірдеңе табудың өзі қиын. Ресей арналарын тек ғарыштық антенналары бар отбасылар ғана көреді. 25 жылдық тәжірибесі бар Жейхун есімді ұстаз Өзбекстандағы орыс тілінің жағдайы туралы былайша ой қозғапты: «Кеңестік кезеңде мектеп бағдарламасында орыс тілін оқытуды міндеттейтін сағат болған, осы тілде бірнеше телеарналар жұмыс істеген. Шеттілдеріндегі көркем фильмдер де орыс тілінде аударылып көрсетілетін. Барлық ақпарат орыс тілінде берілетін. Қазір оның бірі де жоқ» дейді ол. Бірақ бұған өкініп отырған ешкім жоқ.
Жалпы, бір ғасырға жуық Кремль орыс тілін жергілікті билікті қадағалаушы құрал ретінде пайдаланып келді. Сол құрал бір күнде керексіз болып қалды. Есесіне, өзбек тілі өмірге ұлттың рухани құндылықтарын қайта әкелді, мәдениетін қайта жаңғыртты. Осылайша тәуелсіздік бұзылған теңсіздікті қайта қалпына келтірді. Бір қызығы, «орыс тілінің орны ойсырап қалды» деп зарлаған бір зиялыны көрмейсіз, бір шенеунікті таба алмайсыз.

Екіншіден, бұл құбылыс орыстілді жұрттың отанына оралуына жол ашты. 1991 жылдан бері кіндігі Ресеймен байланысты жұрттың 50 пайызы көшіп кетіпті (Тәжікстанда бұл көрсеткіш 80 пайыз).
«Spero News» сайтының жазуына қарағанда, Орталық Азия елдерінде орыс тілін қолдану жағдайы түрліше. Тек Қазақстан мен Қырғызстанда орыстілділер аз болғанымен, осы тіл ығыстыру мен көші-қон үдерісі өте баяу жүргізіліп жатыр. Ал Өзбекстанда ел президенті Ислам Каримов билікті қолға алысымен мемлекеттік тілге жан бітірген. Бұған өкінген бір өзбек жоқ. Түрікменстанның бұрынғы президенті - марқұм Сапармұрат Ниязов кириллицадан 1991 жылы-ақ бас тартқан.
Гарвард университетінің Орталық Азия бойынша департаментінің жетекшісі Джош Шоберлейннің айтуынша, орыс тілін ғана білетін осы аймақтағы жұрт сыртқы әлеммен байланысын әлсіреткен. Қазақстан мен Қырғызстанда жағдай басқашалау: негізгі қатынас тілі - орыс тілі. Сыртқа шығатын шенеуніктеріміз көбінесе ағылшын, қытай, неміс, француз тілдерін қолданатындығын ескерсек, орыс тілі дәл қазір саусақпен санарлық елдер арасында ғана нағыз қатынас тіліне айналып тұр. Ала тақиялы ағайындар ағылшынша оқуды негізгі мұраты етіп алған. Биліктегі өзбектер орыс тілінің орнын ағылшын тілімен алмастырған сыңайлы. Ал туған тілін білмеу - ұят. Мұндайды қазақ «өлімнен ұят күшті» дейді. Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан және Түрікменстанда өз тіліңді білмесең, қызметке көтерілу қиын болып барады. Бізде керісінше көрініс...

Жамбыл ҚЫРҒЫЗБАЙ

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=10206&Itemid=2

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354