Жексенбі, 24 Қараша 2024
2277 2 пікір 20 Наурыз, 2020 сағат 11:48

Министр: Бізде заңды сайланған Президент бар!

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ел аузындағы билік транзиті туралы қауесетке түсініктеме берді.

"2019 жылдың 19 наурызы шынында тарихи күн. Бұл күн елді өзгертті. Тарихымыздың жаңа парақшасы ашылды. Әрине, бұл ешкім күтпеген шешім болды. Меніңше, Елбасының бұл шешімінің кемеңгерлігі мен тереңдігін біз кейін түсінеміз. Бұған тарихи бағаны біздің балаларымыз, бәлкім немерелеріміз берер", - деді Дәурен Әскербекұлы "Хабар" арнасында.

Министр өз сөзінде, осы бір жылдықтың қарсаңында ел ішіне тараған түрлі қауесеттер, әсіресе "Президент қызметінен кетеді екен" деген гу-гу әңгімеге де пікір білдірді.

"Шынын айтқанда, мұндай, ас үйдегі әңгімелерге пікір білдірудің өзі ұят. Бірақ, өкінішке орай, бұл тақырып қоғамды қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы көп жұрт айтып жүр. Тіпті, салмақты сарапшылар мен журналистерден бастап, ем қабылдап жүрген наркоманға дейін...Мен тек, қазіргі біздегі шынайы, негізгі проблемаларға мән беру керектігін айтқым келеді. Бұл арқылы бізді негізгі мәселелерден алаңдатқысы келеді. Барлық жалған ақпараттарға, әрине, құзырлы органдар өздерінің құқықтық бағасын береді. Ал қазір негізгі мәселелерге ден қоюымыз керек. Бізде Заңды сайланған Президент бар. Ол халықтың қолдауына ие", - деді министр Абаев.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1503
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3275
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5712