Жексенбі, 24 Қараша 2024
2922 1 пікір 20 Наурыз, 2020 сағат 20:47

Алматыда коронавирустың 10 ошағы анықталды

Алматы қаласы әкімдігі қаладағы коронавирустың 10 ошағы анықталғанын хабарлады. 

Ағымдағы жылдың 20 наурызындағы жағдай бойынша Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырған 22 жағдай тіркелді. Барлығы зертханалық түрде расталды. Алматы қаласы аумағындағы эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша COVID-2019-дың 10 ошағы анықталды:

– Алмалы ауданы – 3;

– Медеу – 3;

– Түрксіб – 2;

– Жетісу – 1;

– Алатау – 1.

Барлық ошақта індеттің одан әрі таралуының алдын алу мақсатында эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар күшейтілді. Медицина қызметкерлері ошақ аймағында орналасқан барлық тұлғалардың жағдайына мониторинг жүргізуде.

COVID-19 індетінің тіркелген оқиғаларына және инфекцияның таралу сипатына қосымша талдау жүргізгеннен кейін және эпидемиологтардың қорытындысын негізге ала отырып, ошақ аймағының шекарасы көппәтерлі үйдің кіре берісіне дейін және тұрғын үй аумағындағы жекеменшіктегі үйге дейін   қысқартылды. Осыған орай үйлер мен пәтерлерді квартал бойынша карантиндеу бойынша бұған дейін қабылданған шешім күшін жояды.

Ошақ аймағында орналасқан үйлердің тұрғындары сыртқа тек қажеттілігі бойынша және медицина мен полиция қызметкерінің бірге барып келуімен жіберіледі. Барлық азық-түлік дүкендері мен дәріханалар күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық жағдайда жұмысын жалғастыруда. Сонымен қатар, аудан әкімдіктері халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуде. Ошақ аймағында орналасқан тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бұған дейін Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен коронавирус ошағы аумағындағы тұлғаларға оқшаулау кезеңінде жұмыс орындарының сақталатыны туралы және ауруханалық парақтарды төлеу бойынша ұсыныстар берілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Сұңқар» тұрғын үй кешенін және оның жанындағы тағы үш үйге карантин жариялаған болатын. Сондай-ақ, Гоголь, 75 және Қонаев, 51, Жароков, 16 мекенжайларында, сондай-ақ Almaty Towers тұрғын үй кешені карантинге жабылған болатын.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5694