Жексенбі, 24 Қараша 2024
4990 9 пікір 20 Наурыз, 2020 сағат 20:54

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина әзірленеді

Қазақстандық ғалымдар Соvid19 коронавирусына қарсы вакцияна әзірлеп жатыр. Бұл туралы "coronavirus2020.kz" ресми сайты хабарлады.

"Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша Ұлттық биотехнология орталығы мен Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты COVID19 коронавирусына қарсы вакцина жасау бойынша бірлескен жұмысты бастады", - деп жазылған сайт ақпаратында.

Қазіргі таңда коронавирус инфекциясының жаппай таралуы әлем халқын алаңдатып отыр. 2019 жылы Қытайда Сovid19 коронавирусы анықталып, ДДСҰ мұны пандемия деп жариялады. Шетелдік эпидемиологтар Соvid19 коронавирусының жұғу қаупі жоғары болуына байланысты маусымдық сипат алуы мүмкін деп болжайды.

"Біздің ұйымдарда жеткілікті ғылыми-техникалық тәжірибе жинақталған. Тиімділігі бойынша шетелдік аналогтардан кем түспейтін отандық препараттарды дайындау технологияларын әзірлеу, сынау және қамтамасыз ету үшін мүмкіндік беретін қазіргі заманғы ғылыми база мен жоғары білікті ғалымдар бар", - деп жазылған ресми ақпаратта.

Ғалымдар бес кандидатттық вакцина ойлап таппақ. Олардың ішінен клиникалық сынақтарды өткізу үшін ең тиімдісі таңдалады.

Еске салайық, Қазақстанда барлығы 49 адам коронавирус жұқтырған. Алматыда - 22, Нұр-Сұлтанда - 25 және Қарағандыда екі адам емделіп жатыр.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5700