Жексенбі, 24 Қараша 2024
4143 8 пікір 21 Наурыз, 2020 сағат 13:12

Елбасы Үндеуі Жетісулықтарды бей-жай қалдырмады

«Тәжді» тажал әлемді жайлады. Ресми ақпараттарға сүйенсек, 155-тен астам елде пандемия белең алып отыр. Арасында Қазақстан да бар.

Әлемде және елде қалыптасқан жағдайға байланысты Елбасы халыққа
үндеу жолдады. Нұрсұлтан Назарбаев алда экономикалық дағдарыстың күтіп тұрғанын мәлімдеп, халықты үнемшіл болуға шақырды.

Елбасының Үндеуі Алматы облысының тұрғындарын да бей-жай
қалдырмады. Үндеу халықтан қолдау тауып, өңір белсенділері өз ойларын
білдіріп жатыр. Мәселен, Алакөл аудандық аналар кеңесінің төрайымы
Ұлжалғас Дүйсебаева бұл қиындықты да ел болып, еңсеріп, дамудың жаңа
кезеңіне аяқ басамыз деп сенім білдірді.

«Ел тарихының тарамды тамырына үңіліп, бұрынғы мен бүгінімізді
саралайтын болсақ, ХХІ ғасырдағы Тәуелсіз Қазақстан болу үшін ұлтымыз
көптеген қиын-қыстау кезеңдерді, аласапыран мен алмағайып замандарды
басынан өткерді. Мың өліп, мың тірілген жұртымыздың тастүйін
ымырашылдығы мен береке құмарлығының арқасында аман қалып, кез-
келген ел шыдас бере бермейтін сынақтарды еңсерді. Ел басынан күн туған заматтарда бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарған қазақтың бүгінгі таңы арайлы, шуақты болып отырғаны хақ. Осы ретте «Тәж вирусына» да бірге төтеп беру, қатаң тәртіп пен сабыр сақтау біз үшін басты ем десе де болады.
Береке мен бірлік, татулық пен ымырашылдық барда бізге алынбайтын қамал жоқ. Басқа түскен сынаққа ел болып төтеп беріп, барлық қиындықты иық тірестіре еңсерейік», - деді Ұлжалғас Бурасанқызы.

Айман Асыл

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5681