Сейсенбі, 6 Қазан 2026
4750 2 пікір 22 Наурыз, 2020 сағат 13:15

Дәурен Абаев: Әз-Наурыз әрбір шаңыраққа шаттық-несібесімен келсін!

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Наурыз мерекесіне орай құттықтау жолдады.

Құрметті достар! Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын!

Жаңару мен жаңғырудың бастауы, ырыс пен молшылықтың арқауы іспеттес бұл мейрамды халқымыз айрықша ықылас-үмітпен, ізгі амал-тілекпен қарсы алған. Біз де қиындықтар мен сынақтардың барлығы өткен жылдың еншісінде қалып, жаңа жыл елімізге амандық, жұртымызға тыныштық әкелсін деп тілейік. Басталған жаңа мүшел – жаңа дәуірде егемен еліміз қарқынды дамып, қуатты мемлекетке айналсын!

Әз-Наурыз Отанымызға береке-бірлігімен, әрбір шаңыраққа шаттық-несібесімен келсін!- деп жазды ол.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 784
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1090