Жексенбі, 24 Қараша 2024
2686 0 пікір 23 Наурыз, 2020 сағат 10:39

Орталық Азия елдерінде COVID-19 жұқтырғандар көбейді

Аймақта коронавирус жұқтырғандары саны жөнінен Қазақстан алда келеді. 22 наурыздағы мәлімет бойынша, республикада 60 адам COVID-19 жұқтырған.

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 60 адамның ағзасынан коронавирус табылды: Нұр-Сұлтанда - 31, Алматы қаласында - 25, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбеде - 1.

Өзбекстанда 41 адамнан COVID-19 таблды деп хабарлады елдің денсаулық сақтау министрлігі. Карантинде жатқан төрт адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды делінген ресми мәліметте.

Қырғызстанда, 22 наурыздағы мәлімет бойынша, 14 адам коронавирусқа шалдыққан. Олардың сегізі Жалал-Абад облысы Созақ ауданында тұрады.

Әлемде 308 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. 13 мыңнан астам адам осы вирустан қаза тапты. Шамамен 96 мың адам аурудан айықты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5671