Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 4004 8 пікір 23 Наурыз, 2020 сағат 15:37

Дағдарысқа қарсы шаралар үшін 10 миллиард доллар бөлінеді

Қазақстанда дағдарысқа қарсы шаралар үшін 10 миллиард доллар бөлінеді. Бұл туралы президент Тоқаев мәлімдеді.

"Жалпы анти-дағдарыстық шаралар пакетінің құны - салықтық жеңілдіктер мен жергілікті қолдауларды есептемегенде 4,4 триллион теңге немесе 10 миллиард доллар", - деді Мемлекет басшысы.

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілік етуімен Ақордада Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өткен.

Президент баяндамасы Ақорда сайтында жарияланды. Онда карантинге жабылған Алматыдан жастардың аймақтарға кетуіне байланысты оларға уақытша жұмыс табу мәселесі айтылыпты.

Жастарды егін науқанына жұмылдыру 

"Алматыда карантин жариялануы - жастардың аймақтарға үдере көшуіне әкеліп соқтырды. БАҚ-тағы ақпаратқа сенсек, 19-20 наурызда 102 мыңнан астам адам, 15 мың автокөлік қаладан шыққан. Олар студенттер, базарлардағы жұмысшылар, қызмет және сауда саласының жұмысшылары. Жұмыссыз жастарды қазіргі су тасқынына қарсы жұмыстарға, көктемгі егін жұмыстарына, құрылыс т.б. салаларға жұмылдыру керек", - деді Президент.

Дәрігерлер мен полицейлерге сыйақы

Күн демей, түн демей демалыссыз қызмет атқарып жүрген дәрігер, полиция және басқа саланың қызметкерлеріне алғысын білдірген мемлекет басшысы оларға бір айлық жалақы көлемінде сыйақы беруге тапсырма жүктепті.

"Сіздерге шынайы алғысымды айтымын. Үкімет пен әкімдіктерге қосымша қаржы бөліп, коронавируспен күреске жұмылдырылған дәрігерлерге, полицейлер мен басқа да мамандарға 1 айлық еңбекақы көлемінде сыйақы беруді тапсырамын", - деді Президент.

1,5 миллион адамға жәрдемақы

Сондай-ақ, короновируске қатысты Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға 1 АЕК көлемінде жәрдемақы төленетінін айтты.

"Карантинге қатысты бір ғана Алматыда 266 мың адам жұмыссыз қалып отыр. Жеке кәсіпкерлердің де жағдайы осындай. Алдын ала есептеулер бойынша, қазіргі жағдай 500 мыңға жуық азаматтың қаржылық жағдайын қиындатады.

Сондықтан, Төтенше жағдай кезінде айлық табысынан айырылған азаматтарға 1 АЕК көлемінде (42 500 теңге) жәрдемақы тағайындауды тапсырамын.

Мұндай көмекті шамамен 1,5 миллиондай азамат ала алады", - деді Мемлекет басшысы.

Президент Тоқаев атылған қаржыны дұрыс әрі үнемді жұмсайтын болсақ, бұл дағдарыстан шығуға болатынын айтты.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3269
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5650