Жексенбі, 24 Қараша 2024
2359 0 пікір 25 Наурыз, 2020 сағат 11:01

COVID-19 пандемиясы: Жер тұрғындарының үштен бірі карантинде

Әлемнің ондаған мемлекетінде 2,6 миллиардтан астам адам коронавирус пандемиясынан сақтану үшін карантинде өмір сүруге мәжбүр.

24 наурызда кешке Үндістанда 1,3 миллиард тұрғын сақтық шаралары күшейтілген жүйеге көшті.

Францияда медицина саласының мамандары 17 наурызда енгізілген карантинді алты аптаға дейін созуды үкіметке ұсынды.

Шекарасын жапқан Куба сейсенбі күні елдегі шетел туристерін карантинге отырғыза бастады.

Қытай билігі Хубей провинциясында шектеу шараларын біртіндеп жұмсартады. Сейсенбі күні аймақтағы тұрғындар провинциядан шығуға рұқсат алды. Эпидемиядан қатты зардап шеккен Юхань қаласы 8 сәуірден бастап карантиннен біртіндеп шығарылады.

24 наурызда кешке әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 417 мыңнан асты, кем дегенде 18 600 адам жұқпалы дерттен қаза болды. 108 мыңнан астам адам аурудан айықты.

Коронавирус кеселі Италияда 6820 адамның өмірін жалмады. Бұл елде вирусты 69176 адам жұқтырған.

Қытайда 81 171 адам коронавирус жұқтырса, 3277 адам қаза болды.

Испанияда осы кеселден көз жұмғандар саны 2700-ден асты, ал ауру жұқтырғандар 40 мыңға жақындады. Иранда 1934 адам қаза тапты, 24811 адам ауру жұқтырды. Францияда 1100 кеселден көз жұмып, 22300 адам ауру жұқтырды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы АҚШ-та коронавирус тез тарап бара жатқанына алаңдап отыр. Құрама Штаттарда коронавирус жұқтырғандар саны 50 мыңға жақындап қалды, шамамен 600 адам қаза болды. Пентагон эпидемия бірнеше айға созылуы мүмкін екенін ескертті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5613