Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 25314 12 пікір 27 Наурыз, 2020 сағат 13:16

Министр Біртанов мына сұмдықтан хабардар ма?

Алматы қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасында (Городская клиническая инфекционная больница имени И. С. Жакеновой) 30-дан аса адам емделіп жатыр. Бізге жеткен ақпараттарға қарағанда емхана дәрігерлері жұқпалы дерттен қорғайтын киімді (Противочумный костюм) алғашқы күні алған. Бір киіп тастайтын киімді содан бері ауыстырмаған.

Ол аз болса, дәрігерлерді Гоголь көшесіндегі "Отырар" қонақүйіне карантинге жатқызыпты. Бірақ, тамақпен қамтамас етпепті (жұмыста тамақ береді, қонақүйде берілмейді). Біздің өміріміз үшін арпалысып жүрген батыр дәрігерлеріміз қазір аш қалмау үшін өздері дүкен-дүкендерді кезіп жүрген көрінеді (жалақылары тамаққа кетіп жатыр). Сонымен қатар, карантиндегі дәрігерлерге арнайы көлік бөлінбеген. Індет жұқтыруы мүмкін мамандар қоғамдық көлікке немесе таксиге мінуге мәжбүр.


Басшылық 3 уақыт киім ауыстыратынын айтып, бәрі керемет деп журналистерді шығарып салады екен.

Маған хабарласқан дәрігердің інісінің жазған хаты сақтаулы тұр. Басқасы құрысын, өлім мен өлім арасында жүрген осындай мамандардың жағдайын жасап бере алмасақ, біз мынау аты жаман індетті қалай жеңеміз?
Мәселені ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Берік Уәли, Ерлан Карин 
ағаларымыз жеткізсе деймін.

Бұл жайт Ақорда жақтан шешілмесе, төмен жақ шындық үшін шырылдаған дәрігерлерді кінәлі ете салуы мүмкін.

Қытайлардай дәрігерлерге құрмет көрсете алмасақ та, жағдайын жасап беруге болады ғой!

Қанат Әбілқайыр

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1493
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3262
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5587