Жексенбі, 24 Қараша 2024
4904 6 пікір 30 Наурыз, 2020 сағат 12:03

Ақын Аманхан Әлімұлы өмірден озды

«Ақиқат» журналының бас редакторы, ақын Аманхан Әлімұлы өмірден озды.

Аманхан Әлімұлы 1952 жылы 20 қаңтарда Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қожатоғай ауылында туған. 1969 жылы сол ауылдағы Амангелді атындағы орта мектепті бітірген. 1975 жылы КазГУ-дің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1981 жылы бітіреді. Оқуды бітіргеннен соң, 1981-1989 жылдар аралығында республикалық БАҚ «Қазақстан пионері» («Ұлан»), «Лениншіл жас» («Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Түркістан» және «Қазақ радиосында» қызмет етті. 1991-1993 жылдар аралығында Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының жанындағы жоғарғы курсының күндізгі бөлімінде оқиды. 1994-2012 жылдар аралығында «Заң газетінде» жауапты хатшы және шолушы болып қызмет етті.

Аманхан Әлімұлы Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты (Алаш» сыйлығының), Оңтүстік Қазақстанға Еңбегі сіңген медалімен, «Жандос» атындағы сыйлықтың иегері, «Ұлт патриоты» грамотасымен марапатталған, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «Өткірдің жүзі», «Айнұры алақанымда», «Жанымның жапырағы», «Бес қоңырау», «Кездесу» публицистикалық және өлеңдер жинағының авторы.Сондай-ақ, «Атақоныс» атты жыр-жинағы жарыққа шықты.

Аманхан Әлімұлы жуырда ғана Журналистер Академисының толық мүшесі-академигі дипломы және төсбелгісімен марапатталған еді. Сондай-ақ, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 29 қарашадағы жарлығымен «Құрмет» орденімен наградталған болатын.

Abai.kz ақпараттық порталы редакциясы ақынның отбасына қайғырып көңіл айтады!

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550