Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
4458 0 пікір 30 Наурыз, 2020 сағат 14:16

Алматы облысында тағы 1 азамат коронавирус жұқтырған

Алматы облысында тағы 1 азаматтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, коронавирус инфекциясы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының 67 жастағы тұрғынынан анықталған.

29 наурызда ол КВИ белгілерімен Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылған, талдаулар оң нәтиже көрсетіп, азаматтың ауырғанын анықтады.

Ер азамат карантин енгізілгенге дейін Алматы қаласында иық буындарының артритіне байланысты ем қабылдаған. Онымен қарым-қатынаста болған екі адам анықталып, олар провизорлық стационарға карантинге жатқызылды.

Атап өтсек, 2020 жылдың 30 наурызындағы жағдай бойынша Алматы облысында КВИ-мен ауырған 7 сырқат тіркелген.

Ал жалпы елімізде қауіпті вирус жұқтырғандар саны 294-ке жетті. Министрлік мәліметінше коронавирус жұқтырған 20 науқас жазылған. Олардың 13-і Нұр-Сұлтанда, 7-еуі Алматыда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 973
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2485
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 676
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 646