Жексенбі, 24 Қараша 2024
4080 0 пікір 4 Сәуір, 2020 сағат 14:05

Елімізде азық-түлік бағасы белгіленді

Сауда, ауыл шаруашылығы және ұлттық экономика министрлігі бірлескен бұйрыққа қол қойды. Бұйрыққа сәйкес, Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы белгіленді,-деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгіннен бастап келесі тауарларға шекті бағалар белгіленеді: бірінші сұрыпты бидай ұны, бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан, түтік кеспе (таразыда өлшенетін), қарақұмық жармасы, тегістелген күріш, сиыр еті (сүйектері бар жауырын-кеуде бөлігі), тауық жұмыртқасы (І санат), күнбағыс майы, ас тұзы ("Экстрадан" басқа).

- Соңғы айдағы азық-түлік тауарларына жасалған талдау нәтижесінде, бұл қазақстандықтардың жиі сатып алатын тауарлары болып шықты. Биылғы жылдың басынан бері дәл осы тауарлардың бағасы өсті, - делінген хабарламада.

Әр өңір үшін баға бөлек белгіленген. Мәселен, бірінші сұрыпты ұннан жасалған бір келі нанның Нұр-Сұлтандағы ең қымбат бағасы 150 теңге, Алматыда - 146 теңге, Шымкентте - 146 теңге бола алады.

Өңірлерде: Маңғыстау облысында - бір келі нан үшін 164 теңге, Ақтөбе облысында - 147, Атырау облысында - 164, Ақмола облысында - 160, Қостанай облысында - 139, Қызылорда облысында - 143, БҚО - 160, ШҚО - 150, Павлодар облысында - 161, СҚО - 120, Алматы облысында - 144, Жамбыл облысында - 138, Түркістан облысында - 148 теңге.

Қарағанды облысында бағалар елді мекендерге байланысты белгіленген. Онда бір келі нанның құны 142-ден 160 теңгеге дейін.

Алайда бір бөлке нан (кірпіш) - 550 грамм. Осылайша, нан (кірпіштің) бағасы, мысалы, Нұр-Сұлтанда - 82,5 теңгеден, Алматы мен Шымкентте - 80,3 теңгеден аспайды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсатсыз баға көтерілсе, 265 100 теңгеден 530 200 теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.

Бірінші сұрыпты бидай ұнының бір келісі Нұр-Сұлтанда - 197, Алматыда - 211 болуы тиіс. Ал кеспе астанада - 230, Алматыда - 209 теңге.
Екі қалада қарақұмық жармасының бағасы бірдей - 339 теңге.
Күріш Нұр-Сұлтанда -307 теңге, Алматыда - 310 теңге тұрады.
Сиыр еті астанада 2113 теңге және Алматыда - 2169.
Он жұмыртқа - тиісінше 351 және 367 теңге.
Күнбағыс майы Нұр-Сұлтанда - 481, Алматыда - 434.
Тұз - 55 теңге, Алматыда 59 теңге.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570