Жексенбі, 24 Қараша 2024
3672 1 пікір 11 Сәуір, 2020 сағат 11:39

АҚШ Тәжікстанға 56 тонна азық-түлік жіберді

Америка Құрама Штаттары USAID-тың даму бағдарламасы аясында Тәжікстанға 56 тоннадан астам азық-түлік жіберді.

Көмек карантинде медициналық мекемелерде жатқан азаматтарға арналған деп хабарлайды ТАСС Тәжікстандағы АҚШ елшілігіне сілтеме жасап.

"USAID-тың "Бейбітшілік үшін азық-түлік" бағдарламасы аясында Тәжікстанға 171 мың АҚШ долларына 56 280 келі азық-түлік жеткізілді", - делінген елшілік таратқан хабарламада.

Тәжікстан билігі елде COVID-19 вирусын жұқтырғандар анықталмады деп отыр. Елдің денсаулық сақтау министрі 1 ақпаннан бері шетелден келген 7040 адам карантинге жатқызылып, тексеруден өтті деп мәлімдеді. Олардың 4300-і үйіне жіберілген. Қалғаны ауруханаларда карантинде әлі жатыр.

Осыған дейін АҚШ үкіметі Тәжікстанға 866 мың доллар бөлген. Бұдан бөлек Германия 1 млн еуро, Азия даму банкі 100 мың доллар берсе, Ресей 20 мың сынама жүйесін, ЮНИСЕФ қорғаныс құралдарын жіберген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3269
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5652