Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2291 0 пікір 18 Қазан, 2011 сағат 04:01

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің алғашқы саммиті ағымдағы аптада Алматыда өтеді

Астана. 17 қазан. ҚазТАГ - Алдағы аптада, 20-21 қазанда Алматыда Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан Республикасының Президенттері мен Түркия Республикасының Премьер-Министрі қатысуымен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің алғашқы саммиті өтеді, деп ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Саммит барысында тараптар халықаралық және аймақтық өзекті мәселелерді талқылап, түркітілдес мемлекеттер арасында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды нығайту жолдарын қарастырады. Саммитің қорытындысы бойынша тараптар Алматы Декларациясына қол қоюды жоспарлап отыр», - деді ол  дүйсенбі күнгі брифингте.

Саммит алдында 20 қазанда Алматыда Сыртқы істер Министрі Ержан Қазыхановтың қатысуымен түркітілдес мемлекеттер сыртқы істер министрлер кеңесінің отырысы өтеді. Отырыс қорытындысы бойынша Ержан Қазыханов пен Түрік Кеңесінің Бас хатшысы Хәлил Ақынджы БАҚ-қа мәлімдеме жасайды.

Өздеріңізге белгілі болғандай, түркітілдес мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтіп, жандандыру мақсатында экономика саласындағы министрліктер өкілдерінің отырысы Қазақстанның экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетовтің төрағалығымен ү.ж. 12 қазанында өткен болатын.

Жалпы, Түрік кеңесінің басты мақсаты - елдеріміз арасындағы мәдени-гуманитарлық, білім және ғылыми-техникалық өзара ықпалдастықты жаңа әрі серпінде деңгейге көтеру. Түрік Кеңесі - әр түркітілдес мемлекеттердің мүше болуына ашық түркітілдес елдердің бірлестігі. Түрік Кеңесі - қандай да бір үшінші елдердің мүдделеріне қарсы бағытталмаған бірлестік.

Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымының (ТЮРКСОЙ) құрамында 14 қатысушы бар. Олар тәуелсіз мемлекеттер мен үшінші мемлекеттердің автономдық аймақтары: Алтай Республикасы, Башқұртстан, Әзербайджан, Гагаузия, Қазақстан, Хакасия, Қырғызстан, Солтүстік Кипрдың Түркі Республикасы, Саха, Татарстан, Түрия, Түркменстан, Тыва, Өзбекстан.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5512