Жұма, 31 Қазан 2025
Жаңалықтар 2484 0 пікір 18 Қазан, 2011 сағат 04:05

Абай мен Ахаңды күн кеміріп қойыпты...

Ақтөбе қаласындағы Бөгенбай батыр атындағы көшенің бойында орналасқан биік үйлердің қабырғасында тұрған Әйтеке би,  Абай және Ахмет Байтұрсын бейнелерін Нұрсұлтан Назарбаев пен Алтын Адамның, Астанадағы «Бәйтеректің» суреттері алмастырды деп хабарлайды Tengrinews.kz. сайтының тілшісі. Тілшіге берген шағын сұхбатында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Маржан Қорғанбаева биік үйлердің қасбетіне ілінген бұрынғы бейнелер тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына байланысты өзгерді депті. Қорғанбаеваның айтуына қарағанда, Әйтеке, Абай, Ахмет аталардың суреттері әбден тозып, күнге кеміріліп, желге желініп болғанға ұқсайды. Сол себепті оларды жаңа бейнелермен ауыстыруға тура келген көрінеді.

Айтпақшы,  Әуежайға шығатын күре жол Ақтөбе қаласында Бөгенбай батыр көшесінен басталады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1305
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10865