Жексенбі, 24 Қараша 2024
3395 6 пікір 11 Сәуір, 2020 сағат 14:26

ОПЕК елдері мен Ресей мұнай өндіруді тәулігіне 10 млн баррелге дейін қысқартуды көздеп отыр

ОПЕК+ елдері келіссөз қорытындысы бойынша, мамыр – маусым айларында мұнай өндіруді тәулігіне 10 млн барреле дейін азайту жөнінде шешімге келген.

Құжатта көрсетілгендей, Ресей мен Сауд Арабиясы мамыр айынан маусым айының аяғына дейін тәулігіне өндіретін мұнайдың көлемін 8,5 миллион баррелден асырмауы тиіс.

Өткен бейсенбі күні ОПЕК+ елдері он сағатқа созылған келіссөз нәтижесінде талаппен келіспеген Мексика квотаға байланысты міндеттеме алуы тиіс деген ескертпемен ынтымақтастық жөнінде декларацияны қабылдады.

2021 жылдың қаңтар айынан 2022 жылдың сәуір айына дейін ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді тәулігіне 6 млн баррелге дейін азайтуға келісті. Бұл 2018 жылдың қазан айындағы деңгейден 14 процентке төмен.

Бұл мәселе жұма күні G20 аясында жалғасады.

Өткен аптада Ресей президенті Владимир Путин егер ОПЕК+ және АҚШ-та келісіммен келіссе, елінің мұнай өндіруді азайтуға дайын екенін жеткізген.

Осыған дейін Ресейдің Urals мұнайының бір баррелі 10,5 долларға құлдыраған. Мұндай бағамен Мәскеу бюджетіне кіріс кірмейді.

АҚШ президенті Дональд Трамп мұндай өндіруді азайтуға байланысты "бұл мүмкін деп ойламаймын" деп жауап берді. "Біз нарыққа сәйкестендіріп азайттық" деген америкалық лидер.

Осыған дейін Трамп мұндай өндіруді азайтуға байланысты ортақ шешімге келе алмаған Сауд Арабиясы мен Ресейдің тіл табысуын қалайтынын мәлімдеген.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5664