Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 1970 0 пікір 18 Қазан, 2011 сағат 07:43

Биыл Т577 млн-ға тұмауға қарсы вакцина сатып алынды – бас санитарлық дәрігер

Астана. 18 қазан. ҚазТАГ - 2011 жылы тұмаудың алдын алуға Т577 млн жұмсалды,деп хабарлады ҚР бас санитарлық дәрігері, денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санэпидемқадағалау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин.

«Биыл аумақтық әкімдіктер - облыстық және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері тегін кепілдендірілген медициналық көмек аясында халық үшін Францияда шығарылған «Ваксигрипп» вакцинасының 784мың үлесін сатып алды. Вакцинаның ДДҰ сертификаты бар және ол 577 млн теңгеге сатып алынды», - деді Ж. Бекшин сейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қауіп топтары бойынша, жиі ауыратын балаларды, интернат мекемелерінде тұратын балалар мен қарттарды, медициналық қызметкерлерді егу шаралары 1 қазанда басталды. Қазақстанда осы күнге дейін кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында 449 мың адам егілді, тағы 16 мың адам жұмыс берушілердің есебінен, 14 мың адам өз есебінен егілді.

«Біз жыл соңына дейін «иммундық қабат» құрып, жұмыс берушілер мен пациенттердің өз есебінен егілетін адамдарды есептегенде, 1,5 млн-нан аса адамды егуді жоспарлап отырмыз», - деді ҚР бас сандәрігері.

Оның айтуынша, биыл күндізгі және түнгі ауа температурасының айырмашылығына байланысты респираторлық вирустық инфекцияларға шалдығу кезеңі бір ай бұрын басталды.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4937
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4131