Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3076 0 пікір 18 Қазан, 2011 сағат 07:45

«Жария ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң 2012 жылы қабылданады

Астана. 18 қазан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. «Азаматтардың жария ақпаратқа қол жеткізуі туралы» заң 2012 жылы қабылданады, деп ҚР президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшысы Тастемір Әбішев мәлім етті.

«Біздіңше ол заң жобасы 2012 жылы қабылданады», - деді Т. Әбішев сейсенбі күні «Адам құқықтары саласындағы іс-қимыл жоспарының орындалуының мониторингі» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, заң жобасы әзір. Құжат бойынша барлық ақпарат екі түрге бөлінген: шектеумен берілетін ақпарат және жариялы ақпарат. Шектеулі ақпаратқа мемлекеттік құпиялар, коммерциялық және кәсіби құпиялар, азаматтардың жеке өмірі мен заңмен шектелген басқа да кез келген ақпарат жатады. Оларды жариялағаны үшін құқықтық жауапкершілік тағайындалған. Ақпараттың бұл түрін заң жобасы қарастырмайды және ол басқа заңдармен реттеледі. Жариялығы заңмен шектелмеген басқа кез келген ақпарат жұртшылыққа қол жетерлік деп танылады. БАҚ-тарда хабарланғандай, жеке және заңды тұлғалар жариялы ақпаратты еркін алу, өзінің өтінішін негіздемей-ақ сұрау салуға, сауалына жазбаша жауап берілуін талап етуге, оның актілеріне шағым түсіруге т.б. іс-қимылдарға баруына құқығы бар.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1193
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2721
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 842
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 808