Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3085 1 пікір 14 Сәуір, 2020 сағат 11:57

Қашықтан оқытудың алғашқы аптасы қалай өтті?...

Баршаңызға мәлім, министр Асхат Аймағамбетов еліміз қашықтан оқыту бойынша бірнеше жолды қолданатыны туралы жазған болатын. Олар 4 бағыт бойынша (телеарналар: "Балапан" және "Еларна"; радио: "Қазақ радиосы" және "Классик"; интернет платформалар: "Kundelik.kz", "Daryn.Online", "Bilimland" және "Opiq.kz"; сонымен қатар жеткізу құралы ретінде Қазпошта) жүргізіледі.

Қашықтан оқыту туралы шешім қабылданғаннан бастап, министрліктегі және жалпы білім саласындағы әріптестеріміз бір айдың ішінде шынын айтайын, үздіксіз жұмыс істеді. Егер күнделікті мониторингке және мұғалім әріптестеріміздің пікіріне мән берсек, бірінші аптаның нәтижесі көңіл көншітеді. Ендігі аптада жұмыс нәтижесі одан әрі жақсара түседі деген сенімдеміз.

Нақты сандарға келетін болсақ, 2 млн 400 мың оқушы интернет жүйесі арқылы, 800 мың оқушы бейнесабақты телеарнадан көріп білім алуда. Дүйсенбі күннің өзінде «Kundelik.kz» қызметін пайдалану үшін 40 млн сессия тіркелсе, бір жұмада бұл көрсеткіш 203 млн сессияға дейін өсті. Ал, "Daryn.Online" платформасында 18 млн қаралым тіркеліп, 1,5 млн адам білімін осы платформа арқылы жетілдірген. «Bilimland» жүйесі 5 күнде 15 млн 100 мың қаралым жинады.

Әрине, кішігірім кемшіліктер орын алды. Мысалы, алғашқы күні Күнделік жүйесіне кіре алмай жатқан хабарламалар келді, түске қарай ол мәселені жүйенің IT мамандары бірден ретке келтірді.

Келесі мәселе, кейбір директорлар артық есептерді сұратып жатқаны туралы ақпараттар келіп түсті. Министр мұғалімдерден ешқандай есеп талап етілмейтіндігі туралы айтқан болатын. Осындай әрекеттері үшін нақты тиісті шаралар қабылданды. Тағы бір мәрте ескертулер берілді.

Сонымен қатар, қашықтан оқыту басталғалы ресми брифингтерден бөлек, жүйелі түрде web-конференцияларды іске қостық. Негізгі мақсатымыз, ашық пікірлерді білу, тікелей эфир кезінде жазылған сұрақтарға нақты жауап беру. Тікелей эфирді министрліктің ресми парақшаларында және министрдің инстаграм парақшасына да шығарып отырдық. Алғашқысына қашықтан оқытуға байланысты кеңінен түсіндіру жұмыстарын министрдің өзі бастап берсе, кейіннен күнделікті ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында вице-министр Шолпан Каринова, сонымен қатар, интернет платформалар жетекшілері және ұстаздарымыз да қатысты.

Call-орталығы – 1450. Дәл осы номер іске қосыла салысымен министр негізгі мәселелерді білу үшін телефон қоңырауларын өзі қабылдады. Алдағы уақытта да дәл осылай байланысты қабылдаймыз. Журналист әріптестерімізге айта кетсем, бұл бастамамыз бұқаралық ақпарат құралдары материал үшін емес, негізгі сұрақтарды министрдің өзі тыңдауы үшін жасалған әрекет.

17 өңір. Облыстардағы білім басқармасы басшылары да тікелей эфирге, брифингтерге шығып халыққа түсіндіріп отырды. Яғни тек орталықта ғана емес, түсіндіру жұмыстарын әр өңірдегі баспасөз хатшыларымыз да тыңғылықты түрде жүзеге асырды.

Сонымен қатар, осы аптада министрліктің қабылдаған шешімнің бірі, қашықтан оқыту жағдайында бітірушілерді қорытынды аттестаттау пәндер бойынша жылдық бағалары негізінде жүргізіледі. Сәйкесінше, аттестат пәндер бойынша жылдық бағалар негізінде беріледі.

Карантин басталғалы бері, министрліктің баспасөз қызметі жұмысы да екі есеге артты. Бастапқы кезде министрліктің баспасөз қызметіне қашықтан оқыту бойынша журналистерден сұрақтар өте көп түсті. Алғашқы күндері министрліктің ресми facebook және insta парақшаларына жалпы 400-ге жуық сұрақ келді. Бірақ аптаның сәрсенбісіне қарай сұрақтар мүлдем азайды деуге болады. Себебі, тағы да қайталап айтайын, барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннің арқасы деп есептеймін.

Пост соңында... Журналист әріптестеріме де өз рахметімізді жеткізгім келеді. Дәл осы жағдайда кез келген мәселеге қатысты түсіністікпен қарап, әрқашан сыни тұрғыда жазатын әріптестеріміз, керісінше, халыққа дұрыс ақпаратты жеткізу мақсатында түсіндірме материалдарын дайындағанын көрдім. Бұл өте жақсы әрекет деп есептеймін. Алдағы апталар да сәтті өтеді деген сенімдемін.

P.S. Айтпақшы, бейнесабақтар көрсетіліп жатқан арналарда сурдоаудармашылар да өз жұмысын бастады.

Сәттілік бізбен бірге!

Ерболат Мұхамеджанның әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5699