Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3943 4 пікір 18 Сәуір, 2020 сағат 14:45

Қазақстандағы карантин(сымақ)

1. Аулада адамдар толып отырады. Жайбарақат. Орындықтарда. Полиция көлігі жақындап, дыбыс күшейткішпен арнайы хабарлама беріп келе жатқанын естіп, бәрі үйлеріне арыстан көрген зебрадай қаша жөнеледі. Сол тұрғындар кімді алдап жүр?

2. Кей адамға "көшеге шыға берме, вирус" десең, "оның бәрі саясат, ешқандай вирус жоқ, билік алдап отыр" дейді. Әлемнің екі жүз елі еріккеннен есігін жауып алмаған шығар. Мұндай ойда болу үшін, IQ қандай деңгейде болу керек? Кроманьондықпен тең болса жететін шығар.

3. Адамдарға аса тығыз шаруа болғанда ғана далаға шығуға рұқсат етті. Бірақ талай адам магазинге барып, кола көтеріп, Джин шағып келе жатады. Қашаннан бері кола төтенше жағдайдағы маңызды тағам түріне айналған.

4. Жайбарақат кезеңде бейбіт митинг жасағанда халықты жаппай ұстап, демократияға кері әрекет ететін полиция, неге төтенше жағдайда көшеде себепсіз сабылып жүргендерге "үйге кіріңізші" деп жалынып жүр, неге қамамайды? Қашан қамап, қашан қамамау керектігін шатастырып алған ба? Түсініксіз.

5. Маска біреуде бар, біреуде жоқ. Карантинге бір ай болды. Аптекада жоқ болса, маска түгел қорғаныш костюмін үйде тігіп алатын уақыт. Неге маска жасап алмаған? Жұмбақ.

Асхат Қасенғалидың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5659