Сейсенбі, 29 Сәуір 2025
6229 21 пікір 18 Сәуір, 2020 сағат 22:08

Қоғам белсендісі Арман Шораев қамауға алынды

Белгілі журналист, қоғам белсендісі Арман Шораев қоғамдық тәртіпті бұзды деп ұсталып, изоляторға қамалды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті хабарлады.

«Азамат А. Т. Шораев бірнеше рет әлеуметтік желілер арқылы жалған мәліметтерді таратқан. Өз әрекеттері салдарынан Арман Шораев төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзды және қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келуіне қауіп төндірді», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Арман Шораев ҚР Президенті жанынан құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің экс-мүшесі болған. Ал наурыз айының басында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Ұлттық кеңесте аз-кем ауыс-түйіс болған. Ол кезде Шораев, Саин, Әміртай қатарлы азаматтар кеңес құрамынан шығарылған.

Полиция департаментінің мәліметінше, Арман Шораев Қарағанды қаласында, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталған.

Шораев бұған дейін 2006 жылы «Хабарда» Бас директорының орынбасары, кейін ҚР Президенті Әкімшілігінде лауазымды қызметте істеді. «КТК» арнасында Бас директор болған. Ол «Қазақстан барысы» жобасының негізін қалаушы.

Шораевтың ұсталуынан кейін әлеуметтік желіде наразылық көбейді. Азаматтық қоғам өкілдері Арман Шораевты босатуын талап етуде.

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2485
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5415
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4700