Бейсенбі, 15 Қазан 2026
4286 8 пікір 18 Сәуір, 2020 сағат 23:38

Жандарбек Бекшин Алматыға ауысты

Қазақстанның бұрынғы Бас санитары Жандарбек Бекшин енді Алматы қаласының Бас санитарлық дәрігері болып тағайындалды.

Ол 20 наурызда Қазақстанның Бас санитар дәрігері қызметінен босатылған еді. Алайда ол ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы, қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Бас мемлекеттік санитар дәрігердің орынбасары қызметінде қалған.

Ал Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова қызметінен босатылған.

Айзат Молдағасымова бұл қызметті 2017 жылғы тамыз айынан бері атқарған.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1001
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1357