Жексенбі, 24 Қараша 2024
2556 0 пікір 21 Сәуір, 2020 сағат 15:48

Қазақстанның екі өңірінде су басу қаупі бар

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов Қазақстанның екі өңірінде су басу қаупі бар екенін айтты. Бұл туралы вице-министр ОКҚ-де өткен онлайн-брифингінде мәлімдеген. 

Громовтың айтуынша, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын су басу қаупі төніп тұрған көрінеді.

"Наурыз айының синоптик жағдайы суды қауіпсіз өткізуге қолайлы болды. Сондай-ақ түнде күннің суық болғаны өзендердегі қардың біртіндеп еруіне мүмкіндік берді. Сәуір айының басында Нұра, Шерубай-Нұра, Есіл, Жабай, Қалқұтан өзендерінің бассейндерінде су деңгейі көтерілді. Жалпы айтқанда, су басу қаупі болған 6 аймақтың екеуінде қауіп бар. Олар: Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары", - деді вице-министр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618