Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2601 0 пікір 24 Қазан, 2011 сағат 09:09

Абзал Құспан: «Заң емес, ең әуелі тілдің тұтынушысы өзгеруі керек»

- Абзал, сізді қазақ тілінің қорғаушысы екеніңізді сырттай естиміз, бұл жолға қалай келдіңіз?

- 2006 жылы прокуратурадан ресми түрде өз еркіммен қызметтен кеттім, содан бері өзім адвокатпын, бірақ күнделікті 1-2 сағатымды ғана осыған арнаймын, тілді қорғауға соның өзі жеткілікті болып жүр. Орал қаласы тіл жағынан біраз жөнделіп қалды. Шовинист орыстар кәзір бізді көрсе, әзірейл көргендей сигектейді. Бұл жобаны алғаш рет «Қазақтелекомнан» бастадым.

- Сіздің тәсіліңіз нақты нәтижеге бағытталған екен. Жұрттың бәрі тілдің жанашыры болғанмен, тілге келіп жатқан пайда жоқ қой. Құрғақ дабыра мен байбалам... Сіздің мына жобаңыздан тілге келер нәтиже мол секілді.

- Абзал, сізді қазақ тілінің қорғаушысы екеніңізді сырттай естиміз, бұл жолға қалай келдіңіз?

- 2006 жылы прокуратурадан ресми түрде өз еркіммен қызметтен кеттім, содан бері өзім адвокатпын, бірақ күнделікті 1-2 сағатымды ғана осыған арнаймын, тілді қорғауға соның өзі жеткілікті болып жүр. Орал қаласы тіл жағынан біраз жөнделіп қалды. Шовинист орыстар кәзір бізді көрсе, әзірейл көргендей сигектейді. Бұл жобаны алғаш рет «Қазақтелекомнан» бастадым.

- Сіздің тәсіліңіз нақты нәтижеге бағытталған екен. Жұрттың бәрі тілдің жанашыры болғанмен, тілге келіп жатқан пайда жоқ қой. Құрғақ дабыра мен байбалам... Сіздің мына жобаңыздан тілге келер нәтиже мол секілді.

- Басында мен де қазақ газеттеріндегі ойбайға қарап басымды ұстап жүретінмін, содан кейін анау «Ана тілі» деген газеттерді оқуды қойдым, бетінде ойбай мен жылап-сықтау, байбаламнан басқа ештеңе жоқ! Кәзір өзгерген шығар... Содан өзіме-өзім сұрақ қойдым: «осының бір жолы болуы керек қой» деп, неге мен біреуден көруім керек, неге мен басқамен алысуға күшім мен уақытымды, жүйкемді бекер тоздыруым керек? Содан осы жолға түстім, арнайы қоғамдық ұйым құрып, тілеулестерді біріктірдім. Белгілі айтыскер апамыз Шолпан Қыдырниязова Облыстық тіл басқармасын басқарып тұрған кезде облыстық салық басқармасының «тілін сындырғанымыз» бар. Үйге орысша салық төлеу жөнінде хабарлама келіп тұр екен, дереу сол бойда жауапхат жазып, құқығымның шектелгенін, мемелкеттік тілде хабарлама келмегенін, құқығым түзелмейінше салық төлемейтінімді хабарлап жібердім. Тағы бір хатты қысқаша түрде облыстық тіл басқармасына тастадым, оны Шолпан апай құйындай көтеріп әкетті де, бір айдың ішінде Салық басқармасының орынбасарынан бастап, 5 адамды жауапқа тартқызып, сабаларына түсірді. Сондағы менің шығыным - хат жазуға кеткен 10 минут қана! Болды! Сондықтан мәселе, ең әуелі адамдарда - заңдарда емес! Әсіресе, өңірлік Тіл басқармасын басқарып отырғандарда бұлайша шешудің кемінде 40 жолы бар. Көпшілігі соны қолдана алмай, заңды жамандаумен отыр. Сол кезде Оралдағы жағдай кәзіргі Керекудегідей жаман болмаса артық емес еді. Енді жағдай мүлдем басқаша. 2008-2009 жылдары Астанада біраз істерді атқарыстым, кейбір мекемелерге қазақ тілінің орнын көрсеттік.

- Керекудегі жеңіс ұзағынан әрі жұғысты болғай! Оған қалай шықтыңыз?

- Бір ай бұрын Секең (Серік Ерғали) хабарласады, «осылай да осылай, Павлодардағы бір кісіге заңгерлік көмек керек, жігеріне жігер қосып,тілге қарсылардың мұрнынан шерту керек» деп. «Жарайды!» деп Руза Бейсенбайтегіне шықтым. Нәтижесінде 21 қазан күні болған облыстық соттағы аппеляциялық (қарымта) шағымымыз бойынша, қалалық соттың шешімін бұздырып, моральдық шығынымызды түгендеп, тілді төріне шығармасақ та, оның өз орнын «Павлодарлифт» деген мекемеге көрсетіп, басынғандардың басынан нұқып, керекулік азаматтардың жігеріне жігер қосқандаймыз. Мен Керекуге барғанда нәтиженің не боларын алдын ала білген емеспін, бұрын болған жерім емес, жағдайды білмедім. Бірақ қандай жағдайда да өкінбеуге іштей бекінген адаммын. Мақсатым - тіл жанашырына қол ұшын беру ғана болды. Ақыры нәтиже ойлағаннан артығырақ шықты деуге болады.

- Абзал, енді осы жолдағы маман ретінде тіліміздің жағдайын жақсарту жолы бар ма? Сіздің мына ісіңіз қаншалықты тиімді?

- Тіл мәселесінің кәзіргі таңда қолдан келер төте жолы бар, ол - бар заңды қоғам тарапынан азаматтардың араласымен іске асырту. Оған азаматтардың жігері мен құнты керек. Заңдық сауатты болу міндетті емес, оны біз секілді заңгерлер толықтырады. Кәзір сондай бастамашыл азаматтарды іздеп жүрміз, шақырса, көмек керексінсе, барымызды саламыз. Керекуге өз қаржыммен бардым, уақытым тығыз болса да, оған барымызды салуға жоспарымыз бар. Тілдік құқық саласында шынайы ниеті барларға көмегіміз әзір. Батыс Қазақстан облысында бұл жайды бір деңгейге қойдық, енді елдік деңгейге шығудамыз.

- Кейбір азаматтардың ниеті, ықыласы, отаншылдығы бар, бірақ жолдарын білмейді. Солардың бәрі де құр ниетпен нәтижеге жете ала ма?

- Жете алады! Жұрт кәзір бірдеңе болса, «заңды өзгерту керек» деп шығады, бірақ солар өмірі сол заңды оқыған емес. Тіл мәселесін кәзіргі заңдамамен 90 пайызға шешу мүмкіндігі бар, мен оған кепілдік берем! Бар заңның аясында қыруар шаруа тындыруға болады, сізге айтайын. Оралда қарапайым ғана Бекболат деген жігіт базарда сатушы болып тұратын, сол кәзір біздің жобамызға араласа келе, өзіне лидерлік қасиет пен бойына өзіне деген, тілге деген сенімді ұялатып отыр. Кәзір сол жігіт менің бір қолыма айналды. Мәселе ниет пен жігерде! Қалғаны соның қосымшасы ғана!

Ал енді, қабылданған қай заң да дұрыс, егер оны өз пайдаңа жарата алатын шамаң болса! Егер ондай шамаң болмаса, ата заңды күнде өзгертсең де, ештеңе өзгермейді, себебі, соны қолданатын адамдардың өзі өзгеруі керек! Міне, менің ойлап жүргенім де, істеп жүргенім де осы жағдайды өзгерту, адамдарға көмек беру, үлгі көрсету.

Айналайындар-ау, Тіл туралы заңда небәрі 30 шақты бап бар, оның қасында басқа тілдегі құранды жаттап алып жатқан жоқпыз ба?! Заңгердің де керегі шамалы оқығанды ойдан өткізіп, логикаға салсаңыз жетіп жатыр. Мақсатты дұрыс қою керек, ең бастысы кәзір қазақ тілінің жоқшысы бес-алты кісі емес, әрбір қазақ екенін қоғамға сіңіру.

Заңның дұрыс-бұрыстығына, бағдарламаның бар-жоғына қарамаңыздар! Ең әуелі мәселені өз әрекетіміздің дұрыстығынан бастау керек, соны түзетсең, қалғаны өзінен өзі соның салдары болып шыға келеді. Бұл - менің пәлсапам. Ол Баукеңді көп оқығаннан туындаған. Ол кісіні пір тұтам, бұл пікірім діндарларға жақпаса жақпасын!

- Сонда кәзіргі жағдай заңның олқылығына емес, өзіміздің ісіміздің олқылығына тәуелді ме?

- Дәл солай! Әрине, кәзіргі заңның тілімізді мазақтап қойғандай тұстары бар, соны дұрыстауға қосылам, бірақ қолда бар заңнама қолданысқа түскен жоқ, соның өзінің қуатын сығып, пайдаланбай отырмыз. Ертең жақсарған заң өзімен өзі тілді жақсартып кетпейді, оған бәрібір адам араласып, қуынып, сол заңды қолдануға тура келеді. Қысқасы, бізде әлі мәселенің бәрін заңға сілтеп, заңды жұмсауды ниет еткен дәрменсіз қылық пен құнт бар. Содан арылмай, заң мен билікті он рет өзгертсең де, бұл ахуал өзгермейді. Алдымен, заң емес, тілдің тұтушысы (носителі) өзгеруі керек!

- Бұл жобаны жүйелеп, елге тарату жағы бар ма?

- Соны ойластырудамыз. Ел бойынша азаматтар жұмылып қолға алмақпыз. Қаңтарға дейін арнайы сайт ашпақпын, сол арқылы осы жолдағы ниеттестер бірігіп, заңдық ақыл-кеңес заман талабына сәйкес интернет арқылы таратылады.

- Мынауыңыз жақсы жаңалық екен. Сәттілік тілейміз!

Сұхбаттасқан - Шәріпхан Қайсар

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383