Жексенбі, 24 Қараша 2024
2767 1 пікір 23 Сәуір, 2020 сағат 15:48

Сенатта бейбіт жиналыстар туралы заң жобалары талқыланып жатыр

ҚР Парламенті Сенатында "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобаларын талқылау жұмыстары басталды,-деп хабарлайды сенат сайты. 

Сонымен қатар Сенат депутаттары "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарын да қарастырады.

Заң жобалары Парламент Сенатында тіркелгеннен кейін қорытынды дайындау үшін Парламент Сенаты Аппаратының комитеттері мен бөлімдеріне жіберілген.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті жобаға бас комитет болды және Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов жауапты болып белгіленді.Депутатқа барлық материалдар, оның ішінде қоғамдық ұйымдар мен Қазақстан Республикасы азаматтарының өтініштері де берілді.

Биылғы 17 сәуірде заң жобасын әзірлеушілердің қатысуымен жұмыс тобының алғашқы отырысы болды.

Қазіргі кезде жұмыс тобының отырыстарын өткізу жоспарланып отыр, оған барлық мүдделі тұлғалар мен ұйымдар бейнеконференция (Zoom) арқылы қатысу мүмкіндігі бар.

Бас комитеттің төрағасы Владимир Волков сонымен қатар ЕҚЫҰ бағдарламалар Кеңсесінің Басшысы Елші Д.Сабомен телефон арқылы сөйлесті. В.Волков Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бағдарламалар Кеңсесінің Басшысымен бейбіт жиналыстар өткізу жөніндегі халықаралық тәжірибені талқылады,- деп жазады Сенат сайты.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583