Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 5590 1 пікір 24 Сәуір, 2020 сағат 10:57

Қытай Біріккен Ұлттар Ұйымын қалай жайлап алды?

Бүкіл Әлемдік Денсаулық Сақтау Ұйымын (БӘДСҰ) ғана емес, Қытай, Біріккен Ұлттар Ұйымын (БҰҰ) қалай жайлап алды?

АҚШ Президенті Д.Трамп БӘДСҰ-ын қаржыландыруды тоқтатты. Оның пікірінше, аталған ұйымның «бүйрегі Қытайға бұрып кеткен». «Егер Қытайдың БӘДСҰ-на ықпалын кең ауқымда қарастырмайынша, бұл мәселені толыққанды түсіне алмайтын боламыз»,-деді ол.

Өткен бірнеше жылда БҰҰ-ның көптеген мекемелерінің басшылық лауазымына Қытай азаматтары тағайындалған. Мысалы, БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылық істерінің Бас директоры қызметінде, ҚХР-ның бұрынғы ауылшаруашылық министрі Цю Донгю 2019 жылдан бері отыр. 2018 жылы Қытай азаматы Хоулинь Чжао Халықаралық Электробайланыс Одағының Бас хатшысы лауазымына тағы да сайланды. Бұған дейін бір жыл бұрын БҰҰ-ның Бас хатшысы А.Гутерриш Қытайдың бұрынғы сыртқы істер министрінің орынбасары Лю Чжэньминьді аталған ұйымның экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша Бас хатшының орынбасары қызметіне тағайындаған. Былайша айтқанда, БҰҰ-ның түйінді ұстанымдарындағы маңызды мекемелерінде, белгілі бір дәрежеде Қытай азаматтары отыр. Бұл, халықарада Бейжіңнің дипломатиялық ықпалының күштілігін көрсетеді.

Мақала авторы, дәл осындай жағдайда Д.Трамптың БӘДСҰ-ын қаржыландыруын тоқтатуын құп көрмейді. Бұл әрі оның келешекке көзқарасының шолақ екенін білдіреді деп есептейді. Автор, АҚШ-тың БӘДСҰ және БҰҰ-ның басқа да мекемелеріндегі өзіндік үлесін шектеуінен ештеңе ұтпайды. Керісінше, осылайша аталған ұйымдардағы көп орынды, әрі бар ықпалды Қытайға қалдырғаны деп есептейді.

Мақала АҚШ-тың БАҚ-да жарық көрген.

Ертай Нүсіпжановтың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583