Жексенбі, 24 Қараша 2024
2887 0 пікір 28 Наурыз, 2020 сағат 15:16

Елімізде 100-ден астам жат діни ағым өкілі дәстүрлі ислам дініне оралды

Бүгінде елімізде жат діни ағым өкілдерімен ағартушылық бағытта жұмыс істеуге көп көңіл бөлінеді. Сондай-ақ, оларды қоғамға қайта бейімдеп, рухани, психологиялық тұрғыда көмектер беріліп келеді.

Мәселен, өткен жылдың мамыр айында еліміздің арнайы қызметтері қабылдаған жұмыстар барысында Сириядан Қазақстанға 231 адам жеткізілген. Олардың 59 ы әйелдер, 159 ы балалар. Көпшілігі мектеп жасына дейінгі жеткіншектер.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шара туралы өз сөзінде оларға әлеуметтік, психологиялық және медициналық көмектер көрсетілгенін атап өтті.

“Жусан 2” операциясымен елге келгендермен жұмыс кешенді жүгізіліп келеді. Олардың біраз бөлігі елге келген соң бұрынғы жат діни ағымнан бас тартып, жақындарымен қайта байланыс орнатқан. Кейбірі жұмысқа тұрып, олардың балалары балабақшаға, мектепке орналасқан.

Айта кетейік, Сирияға кеткендердің көпшілігі ондай қадамдарға террористердің жалған-үгіт-насихатымен баратындарын айтады.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев:“Олар теріс жолдан қайтып, жаңа өмір бастау үшін өз еркімен отандарына оралды. Олар жасаған қателік үшін балалар қиналып, өзге елде зардап шекпеуге тиіс” деген болатын.

Сонымен қатар, алдағы уақытта да Қазақстан терроризммен күресті қарқынды түрде жүргізетінін, ал, қиын жағдайда қалған азаматтарына көмектесуден бас тартпайтынын атап өтті.

Ал, Ұлттық Қауіпсіздік комитеті “өзге мемлекеттік органдармен және шетел серіктестерімен бірігіп” Сириядан Қазақстан азаматтарын қайтаруды мақсат еткен “Жусан” операциясының нәтижесінде Сириядан елімізге тағы 595 азамат қайтарылғанын мәлімдеді. Олардың 400-ден астамы балалар болған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жат ағымнан бас тартып, отанына оралған азаматтарға гуманитарлық көмек алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын айтты.

Ал, күні кеше Атырауда осындай теріс ағым өкілдерімен атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесінде 112 жат ағым өкілі бұрыс діни көзқарастарынан бас тартып, дәстүрлі ислам дініне қайта оралған.

Бұл туралы Атырау облыстық дін істері басқармасының басшысы Қайролла Күшқалиев арнайы брифинг өткізді. Оның айтуынша, жат іни ағым өкілдерімен жүргізіліп жатқан қалпына келтіру жұмыстарының барысында жат діни ағымдағы 112 адам дәстүрлі исламға қайтарылды деді.

Олардың арасында 4 ауыл тұрғыны және 78 қала тұрғыны бар. Олар сынақ мерзімінен өтіп, жазасын өтеп жатқандар. Сондай-ақ, “Жусан” операциясының көмегімен келген 1 ер адам және Сириядан оралған әйелдер. Одан бөлек, бұл қатарда шет елдік діни жоғары оқу оырндарының түлектері мен студенттері де бар екен.

Бүгінде Атыраудағы оңалту орталықтарында 532 психолог пен теолог қызмет атқарады. Облыстық дін істері басқармасының мәліметі бойынша, өткен жылы аталған оңалту орталығына 435 адам өтініш түсірген. Мамандар өтініш берген азаматтардың барлығына психологиялық тұрғыда көмек берді. Ал, былтырғы жылы орталықтың психолог-теолог мамандары 41 тұтқындағы адамдармен 25 жалпы және 330 жеке жиналыс өткізген.

Сонымен қатар, облыс орталығындағы үлкен базарлардың иесі “Шапағат” қоғамдық қорының мамандарына тегін үй берді. Қазір аталған орталықта жат діни ағымдағы адамдармен және олардың ізбасарларымен түсіндіру жұмыстары жасалып жатыр.

Жалпы, Қазақстанда жат ағымнан жапа шеккен азаматтарға рухани қолдау, оларды оңалту мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Мәселен, аталған жайтқа қатысты өткен айда Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Әскербекұлы Эр-Рияд қаласында Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам министрі Әбдел Латиф әл-Шейхпен кездесті. Қос тарап кездесу барысында деструктивті діни ағым өкілдерін оңалту мәселесін талқылаған.

Дәурен Абаев Сауд Арабиясының бүкіл әлемде Исламның ықпалын нығайтуға, бейбітшілікті ту еткен терең мәнін, діннің шынайы бейнесін насихаттауға арналған күш жігерін Қазақстан жоғары бағалайтынын айтты.

Қазақстан әрқашан терроризмнің ьарлық көріністері мен формасын айыптап келеді. Сондай-ақ, осы құбылысты жою үшін халықаралық қауымдастық тарапынан тиімді ұжымдық күш-жігер жұмсалып жатқанын да қолдайды. Сонымен қатар, біз Сауд Арабиясының бүгінгі таңда радикалды экстремизм мен терроризмге қарсы ымырасыз күрес жүргізіп жатқанынан хабардармыз,- деді Дәурен Әскербекұлы.

Өз кезегінде Шейх Әбдел Латиф әл-Шейх Сауд Арабиясы Корольдігімен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың терең әрі берік екенін айтты. Сонымен қатар ол, Ислам діні кең таралған елдердегі бауырластармен қарым-қатынасты ерекше бағалайтынын да мәлімдеді.

“Мейірімді әрі әділетті имам Салман бин Әбдел Әзиз Әл-Сауд және оның мұрагері – мәртебелі ханзаданың басшылығындағы Корольдік Ислам дұшпандары болып табылатын террористер мен экстремистердің зиянды кесірінен қорғау үшін қолдан келген тиісті жұмыстардың бәрін жасайды және бүкіл әлемдегі мұсылмандардың мүдделерін ескереді”, -деді Әбдел Латиф әл-Шейх.

Сонымен қатар, қос тарап діни және рухани саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту шаралары жөнінде сондай-ақ, Ислам дінінің қазіргі ахуалындағы өзекті мәселелер бойынша сөйлесті.

Ал, кездесу соңынад Дәурен Абаев пен Әбдел Латиф әл-Шейх мырза деструктивті діни ағымдардың алдын лу бойынша, нақтырақ айтсақ, халықты террористік, экстермистік діни идеологияның әсерінен қорғау жөнінде үгіт жұмыстары арқылы ақпарат пен тәжірибе алмасуға уағдаласты.

Сонымен қатар Дәурен Әскербекұлы Сауд Арабиясындағы әріптестерінің озық тәжірибелерімен танысу мақсатында Мұхаммед бин Наиф атындағы оңалту орталығында болды. Аталған орталық жұмысымен танысып, Қорғаныс министрлігінің қасындағы Идеологиялық соғыс орталығына барды.

Одан бөлек министр Эр-Риядта Сауд Арабиясының ақпарат министрі Турки бин Абдулла әл-Шабанмен кездесу өткізді. Қос тарп бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы өзара ынтымақтастықтық келешегі жөнінде пікір алмасты. Және Сауд Арабиясының “Сауд Арабиясының ақпараттық агенттігі” мен Қазақстандық “ҚазАқпарат” халықаралық ақпарат агенттіктері арасында меморандум жасауға келісті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5553