Сенбі, 23 Қараша 2024
3371 3 пікір 27 Сәуір, 2020 сағат 12:36

Тоқаев: Мамыр айындағы мерекелерді үйде атап өту керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы мамыр айындағы мерекелерді үйде атап өту керек,- деді. 

"Әзірге бұл вирустың вакцинасы жоқ. Карантин шараларын қатаң ұстансақ қана індеттен құтыламыз. Аса қажеттілік болмаса, ешқайда шықпай, үйде отырыңыздар. Бұл, әсіресе, қазіргі қасиетті Рамазан айында өте маңызды.

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Оразада бірқатар рәсімнен тартынуды ұсынды. Сондықтан осындай уақытта ауызашардың өзін көпшілікпен бірге өткізе алмайтынымыз белгілі. Алдағы мамыр айындағы мерекелерді де үйде атап өтуге тура келеді",-деді Президент.

Сонымен қатар Тоқаев 9-мамыр күніне орай соғысқа қатысқан ардагерлерге лайықты құрмет көрсетілетінін айтты.

"Жеңіс күнінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірде-біреуі елеусіз қалмайды. Бәріне лайықты құрмет көрсетіледі.Әкімдер соғыс және тыл ардагерлеріне материалдық көмек береді" ,- деді Қ.Тоқаев.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435