Жексенбі, 24 Қараша 2024
2802 0 пікір 28 Сәуір, 2020 сағат 13:39

Батыс Қазақстан билігі тұрғындарға серуендеуге, саяжайға баруға рұқсат берді

Батыс Қазақстан билігі тұрғындарға карантин тәртібі өзгергенін хабарлады. Аймақта қалааралық және саяжайға баратын автобустар жүреді. Тұрғындарға үй маңында серуендеуге, егде кісілер саяжайға баруға рұқсат алды.

Сейсенбі, 28 сәуірден бастап қалааралық автобустар жүре бастайды, бірақ олар таңғы сағат алтыдан кешкі сегізге дейін ғана қатынайды. Бұл туралы Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков хабарлады.

- Тұрғындар серуендей алады, бірақ үйден алыс кетпеуі керек. Маска тағуды, қолғап кию қажет, үш адамнан артық жиналуға болмайды, танымайтын кісілермен араласпаңыздар, - деді Шыныбеков.

Бұған қоса, билік қала тұрғындарының саяжайға бару тәртібін белгіледі.

- Автокөлік нөмірі жұп саннан басталатын тұрғындар таңғы сағат тоғыздан кешкі жетіге дейін сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері саяжайға бара алады. Автокөлік нөмірі тақ саннан басталатын тұрғындар сәрсенбі, жұма және жексенбі күні шығады, - деді қала әкімі.

Облыстың бас санитар дәрігері 65 жастан асқандарға үйден шығуға тыйым салған. Енді билік оларға саяжайға бару үшін ғана үйден шығуға рұқсат беріп отыр. Олар өзімен бірге жеке куәлігін, учаске құжатын алып жүруі керек.

Аймақта карантин 30 наурызда жарияланды. 13 сәуірде карантин күшейтілді. Облыста азық-түлік базарлары жабылып, банк бөлімшелерінің жұмыс уақыты қысқартылды, тұрғындарға үйден екі шақырымға алысқа шығуға тыйым салынды. Облыс тұрғындарына жол жүру үшін рұқсат сұрауы керек болды.

Батыс Қазақстанда 125 адам коронавирус жұқтырған, олардың жетеуі емделіп шықты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5553