Тәжікстанның төменгі палатасы 28 сәуірде осындай қаулы қабылдады. Мұндай заң ұлттық ерекшелікті қорғау мақсатында қабылданды.
Заң жобасын парламентке елдің әділет министрі Мұзаффар Ашуриён таныстырды. Оның айтуынша, азаматтар тыйым салынған орысша жұрнақтардың орнына тәжікше "-зода", "-иён" және басқа да жұрнақтарды қолдана алады. Елдегі орыстар мен басқа аз ұлттардың өкілдеріне "-ов/-ова", "-вич/-овна" жұрнақтарын қолдануға рұқсат. Еске салайық, Тәжікстанда сексеннен астам ұлт тұрады.
Мұндай ереже азаматтардың төлқұжаттарын өзгерткенде немесе жаңадан алғанда сақталуы тиіс.
"Жаңа туған сәбилердің куәлігінде "пурдухт", "и", "зод", "зода", "он", "ён", "иён", "ниёр", "фар" жұрнақтары қолданылады", - деп түсіндірді Ашуриён.
2007 жылы Тәжікстан президенті Рахмонов Эмомали Шарипович аты-жөнін Эмомали Рахмон деп өзгертті. Содан кейін елдегі шенеуніктер мен көптеген азамат тегін тәжікше жұрнақтардың көмегімен өзгерте бастады.
Abai.kz