Жексенбі, 24 Қараша 2024
2583 0 пікір 24 Сәуір, 2020 сағат 12:26

Алматы облысы: Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай 10 863 адам 386 млн. теңге алады

Жеңістің 75 жылдығына орай Алматы облысындағы 10 мыңнан астам азаматқа бір реттік материалдық көмек берілмек. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 386 млн. теңге бөлінген. Көмекті Екінші Дүниежүзілік соғыстың қатысушыларына, мүгедектері алатын болады. Майдангерлер айтулы датада назардан тыс қалмайды. Керісінше, өңір басшысы Амандық Баталов арнайы құттықтамақ.

Жалпы, Алматы облысында 64 ҰОС ардагері бар, олардың әрқайсысына 1 млн теңгеден берілді. Алматы облысында 9 соғыс тұтқыны тұрады. Олардың әрқайсысына 100 мың теңгеден беріледі деп жоспарланған. Қоршау кезінде Ленинград қаласында кәсіпорындарда жұмыс істеген және қаланы қорғағаны үшін медальмен марапатталғандарға 60 мың теңгеден төленеді. Чернобыль апатына қатысқан адамдарға 50 мың теңгеден беріледі. Жетісу өңірінде Екінші дүниежүзілік соғысында қаза тапқандардың жесірлеріне жалпы саны - 9 521 адамға 30 мың теңгеден табысталады. Аталған қаржылай көмекті көрсету үшін бюджеттен 285 млн теңге бөлінген. Жоғары да айтып өткен қаржы 30 сәуірге дейін майдангерлерге және оларға теңестірілген барлық санаттағы тұлғаларға төленетін болады.

Коронавирустық пандемия мен карантиндік шараларға және күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Алматы облысында мамыр айындағы мерекелер болмайтыны белгілі болды. Барлық іс-шаралар онлайн режимінде өтеді.1 мамыр мен 9 мамыр аралығында облыста 1 728 онлайн концерт пен тікелей эфир өткізіледі. 25 музей бұл аралықта 417 онлайн экскурсия ұйымдастырады. Ал кітапханалар 1 243 онлайн кітап көрмесі мен тарихи сабақтар өткізеді. Сонымен қатар, облыстық ардагерлер ұйымының сұрауымен «Отан үшін от кешкендер» атты кітап жарық көреді. Ал, майдан шебінде орындалған әндерді бір таспаға жинақтап майдангерлерег таратып беру көзделген.

Айман Асыл

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570