Дүйсенбі, 4 Мамыр 2026
4776 0 пікір 1 Мамыр, 2020 сағат 11:35

Тәжікстан билігі елде коронавирус барын мойындады

Коронавирус індетіне байланысты құрылған Тәжікстанның мемлекеттік комиссиясы 30 сәуірде елде коронавирус жұққан кемінде 15 адам бар деп мәлімдеді. Бұл туралы Азаттықтың Тәжік қызметі хабарлады. Мемлекеттік комиссияға премьер-министр Кохир Расулзода жетекшілік етеді.

Ақпарат бойынша, Тәжікстанның денсаулық сақтау және халықты қорғау министрлігі 29 сәуірде Худжандта - 10, Душанбеде 5 адамға вирус жұққанын анықтаған.

COVID-19 індеті шыққан Қытаймен шекаралас Тәжікстан басшылығы эпидемия басталған уақыттан бері алғаш рет коронавирус барын мойындап отыр.

Бұған дейін елде ресми түрде коронавирус табылмаған. Дегенмен елде аурухана қызметкерлері мен басқа да адамдардың түсініксіз пневмония мен тыныс жолдары ауруларынан көз жұмып жатқаны туралы хабар жиі тарай бастаған.

Өткен аптада халықаралық Human Rights Watch (HRW) адам құқығын қорғау ұйымы коронавирустың барын жоққа шығарып отырған Түркіменстан мен Тәжікстан билігі осылайша азаматтарының өміріне қауіп төндіріп отыр деп мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 1339
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1062