namespace App\Http\Controllers; use Illuminate\Support\Facades\Cache; use Illuminate\Support\Facades\Http; class AbayQuoteController extends Controller { public function getAbayLastTitle() { return Cache::remember('abay_last_title', 3600, function () { $response = Http::get('https://abai.kz/part/6137'); if ($response->successful()) { $html = $response->body(); if (preg_match('/]*>(.*?)<\/a>/su', $html, $match)) { return strip_tags($match[1]); } } return null; }); } public function showBanner() { $title = $this->getAbayLastTitle(); return view('partials.abay-banner', compact('title')); } } Мәжіліс төрағасы қазақстандықтарды Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтады
Сейсенбі, 1 Шілде 2025
3178 2 пікір 1 Мамыр, 2020 сағат 12:29

Мәжіліс төрағасы қазақстандықтарды Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтады

ҚР Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтады.

Бұл туралы Нұрлан Нығматулин Twitter-дегі жеке парақшасында: «Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтаймын! Бейбітшілік пен келісім біздің негізгі байлығымыз. Күш бірлікте. Біздің халқымыз берекесі мен ынтымағының арқасында барлық қиындықты жеңетіні сөзсіз. Баршаңызға денсаулық, бақыт, ырыс-құт тілеймін!» деп жазды.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы бұл мерекенің еліміздің мәдениетінен ерекше орын алатындығын, өйткені ол үлкен жасампаз құндылыққа ие екендігін атап өтті.

Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, Қазақстан халқына тән қоғамдық келісім мен патриотизм тұрғылықты елдің даналығы мен нағыз құндылықтарды сақтауға және нығайтуға бағытталған мемлекеттің ерекше ықыласын білдіреді.

«Біздің елімізде тұратын барлық этностардың дәстүрлеріне құрмет, түрлі сенімдегі адамдардың өзара түсіністігі – барша қазақстандық халықтың рухани құндылықтарын арттыру, әрбір отбасындағы тыныштықтың және Қазақстанның табысты дамуының кепілі», - деді Нұрлан Нығматулин.

Abai.kz

2 пікір