Жұма, 20 Қараша 2026
45 0 пікір 20 Қараша, 2026 сағат 11:33

Соңғы 7 жылда ауыл шаруашылығы өндірісі 24%-ға өсті

Сурет: baq.kz сайтынан алынды

2019–2025 жылдар аралығында ҚазақстанРеспубликасының агроөнеркәсіп кешені өндіріскөлемінің, еңбек өнімділігінің, инвестициялықбелсенділіктің, экспорттың және еңбекақы деңгейініңартуымен сипатталатын тұрақты оң даму серпінінкөрсетті.

Өсімдік шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,1 еседен астам, яғни 2,8 трлн теңгеден 5,9 трлн теңгегедейін, ал мал шаруашылығында 1,7 есе, яғни 2,3 трлн теңгеден 3,8 трлн теңгеге дейін өсті.

Қарастырылып отырған кезеңде саладағыинвестициялық белсенділік айтарлықтай артты.

Бұл нәтижелерге қаржы ресурстарыныңқолжетімділігін қамтамасыз етуге, саланы техникалыққайта жарақтандыруға, ауыл шаруашылығы өнімдерінқайта өңдеуді дамытуға және заманауиагротехнологияларды енгізуге бағытталған мемлекеттікқолдау шараларының кешенін іске асыру нәтижесіндеқол жеткізілді.

2026 жылғы қаңтар–тамыз айларында ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі 5,2%-ға артып, 4,4 трлн теңгені құрады.

Бұл өсім мал шаруашылығындағы өндіріскөлемінің 4,1%-ға (2,8 трлн теңге), ал өсімдікшаруашылығында 107,3%-ға (1,5 трлн теңге) артуыесебінен қамтамасыз етілді.

Қазақстан жылқы саны бойынша әлемдегіалғашқы бес елдің қатарына кіреді.

Аталған кезеңде барлық түрдегі ет өндірісінің көлемі1,2 млн тоннаға, сүт өндірісі 2,7 млн тоннаға, ал жұмыртқа өндірісі 3,2 млн данаға дейін ұлғайды.

Анықтама: 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайбойынша ірі қара мал саны 9,0 млн басты, қой мен ешкі– 23,3 млн басты, құс – 47,8 млн басты, жылқы – 4,9 млн басты, түйе – 310,9 мың басты құрады.

Abai.kz

0 пікір