Сейсенбі, 7 Шілде 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 41065. Жазылғандар — 13614. Қайтыс болғандар — 188
46 - сөз 2476 5 пікір 1 Мамыр, 2020 сағат 14:57

Несиелік амнистия мәселесі — орынды, өзекті проблема

«Азаттықта» жарияланған шетелдік сарапшының мәліметінше, Ұлыбританияда Қазақстан азаматтарының 430 миллион фунтты құрайтын (537 миллион доллар) жылжымайтын мүлкі бар екен.

Бұлардың иелері — 42500 теңгеге арыз тапсырған миллиондаған қарапайым азаматтар емес екені түсінікті. Қазақстанның табиғи ресурстарынан түсетін табысты ұрлап, жемқорлыққа батқан, елдегі байлықты сыртқа тасып жатқан Назарбаевтың айналасындағы олигархтар.

Дариға Назарбаеваның өзі 100 миллион доллар тұратын мүлікке ие. Владимир Ким Лондондағы ең қымбат пәтерде тұратыны тағы да анық. Бұлардың дәулеті небәрі 340 миллион фунты бар Ұлыбританияның патшайымынан да көп болып отыр.

Айтып отырғанымыз тек қана жылжымайтын мүлік. Ал енді басқа елдердегі виллалардағы яхталарды, зәулім сарайларды, түрлі компаниялардың акцияларына салынған қаржыны, офшордағы есеп шоттарды қоссаңыз, не болады? Кемінде, ондаған миллиард долларды құрайтыны анық.

Ал енді осылар «біз халыққа несиелік амнистия жариялай алмаймыз, оған ақша жоқ» дегеніне сенесіз бе? «Ақшаны олай таратуға болмайды» дегеніне нанасыз ба? Жоқ, әрине!

Ұрланған ақшаны Қазақстанға қайтарса, несиелік амнистия жариялап қана қоймай, Қазақстанды ең дамыған мемлекетке айналдыруға болады. Бір Астананы салмай, барлық қалаларды Астанадан артық етіп жасауға мүмкіндік бар!

Сондықтан, мыңдаған халық қолдап отырған несиелік амнистия мәселесі — орынды, өзекті проблема. Оны орындатпай қоймауымыз тиіс!

Жанболат Мамайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

5 пікір