Бейсенбі, 15 Қазан 2026
3841 0 пікір 2 Мамыр, 2020 сағат 15:28

Қазақ-орыс шекарасында қалып қойған қырғызстандықтар Бішкекке автобуспен жеткізіледі

Ресейдің Орынбор облысы Соль-Илецк қаласында қалып қойған қырғызстандықтарға Қазақстан аумағы арқылы транзиттік дәліз ұйымдастырылады. Бұл жөнінде Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі хабарлады.

Қазақстанның қойған шарты бойынша, қырғыз азаматтары тек медицина қызметкерлерінің еріп жүруімен арнайы автобуспен ғана өте алады. Олар үшін 30 сәуірде шекараны ашқан.

Орынбор облысындағы қазақ-орыс шекарасында жүздеген қырғыз азаматтары карантин шараларына байланысты өз көліктерімен Қазақстан арқылы Қырғызстанға өте алмай қалып қойған. Қазақстан тарабы оларға өтуге рұқсат бермеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1004
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1359