Сенбі, 23 Қараша 2024
2662 1 пікір 2 Мамыр, 2020 сағат 15:41

Трамп Қытай сайлауда өзінің жеңілгенін қалайды деп есептейді. Бейжің теріске шығарды

Қытай АҚШ президенті Дональд Трамптың "Бейжің қараша айында өтетін сайлауда жеңілгенімді қалайды" деген сөздерін теріске шығарды.

29 сәуірде Трамп Reuters агенттігіне берген сұқбатында "Қытай менің сайлауда жеңілгенімді көру үшін бәріне баруға дайын" деп мәлімдеген. Ол өзі билікке келгелі Вашингтонның Бейжіңмен сауда қатынасы саясатына Қытайдың көңілі толмайтынын айтады.

АҚШ президенті сонымен бірге Қытайға Демократиялық партия атынан сайлауға түсіп жатқан бұрынғы вице-президент Джо Байденмен жұмыс істеген тиімдірек болуы мүмкін деп есептейді.

Қытайдың сыртқы істер министрлігі 30 сәуірде АҚШ-тағы президент сайлауы елінің ішкі ісі деп мәлімдеді. "Бейжің басқа елдің ішкі ісіне араласуға ниетті емес, АҚШ халқы Қытайдың сайлау саясатына араластырмайды деген сенімдеміз" деді Қытай өкілі.

Соңғы аптада Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда қатынасына қатысты проблемалар одан сайын ушығып кетті. Бұған Қытайдың орталық бөлігінен шыққан коронавирус эпидемиясының АҚШ-қа жетуі басты себептердің бірі болып отыр.

Ғаламдық пандемия салдарынан АҚШ-та он мыңдаған адамның өліміне және еліндегі экономикалық рецессияға Трамп Қытай кінәлі деп санайды.

30 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирустың Қытайдың вирусология зертханасынан шыққанына дәлелі барын "сеніммен айта алатынын" жеткізген.

Трамптың бұл мәлімдемесіне дейін АҚШ-тың барлау қызметі қытай зертханасынан вирус байқаусызда сыртқа тарап кетуі мүмкін деген болжамды зерттеп жатқанын хабарлаған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338