Сейсенбі, 26 Қараша 2024
2772 0 пікір 4 Мамыр, 2020 сағат 11:32

Майк Помпео: "Қытай коронавирус туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жауап береді"

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның мәлімдеуінше, Қытай билігі COVID-19 вирусының қауіпті екенін әлемнен жасыру үшін бар күшін салды. Мемлекет хатшы мәлімдемесін ABC News телеарнасы жексенбі күні көрсетті.

Қытай коронавирус індетінің таралуын әдейі жасырғанын 3 мамырда "Дейли Телеграф" басылымы хабарлаған. Лондондық басылым Батыс елдерінің арнайы қызметтерінің 15 беттік баяндамасына сүйенді. Баяндаманы дайындауға АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия және Жаңа Зеландия мамандары қатысқан.

Қытай үкіметі дәрігерлерді коронавирус туралы ешкімге айтпауға мәжбүрлеген, шетел мамандарына биоматериал беруден бас тартқан, осы әрекеттері арқылы коронавирустің қауіпті екенін әлем елдерінен жасырған. Мәлімет құпия сақталмаса, әлем мамандары вакцина дайындауға ертерек кірісер еді, делінген баяндамада.

Зерттеу авторларының пікірінше, 2019 жылы желтоқсанның басында Қытай билігі вирустың адамнан адамға жұғатынын білген. Дегенмен бұл мәліметті олар 20 қаңтарға дейін жоққа шығарып келді, дейді арнайы қызмет өкілдері. Баяндама авторларының мәлімдеуінше, 3 қаңтарда Қытай ұлттық денсаулық сақтау комитеті коронавирус үлгілерін жоюды тапсырып, жаңа жұқпалы ауру туралы мәлімет жариялауға тыйым салған.

Батыс барлаушылары альянсына кіретін арнайы қызметтер вирустың қайдан шыққанына қатысты мәселе бойынша келісе алмай отыр. Австралиялық барлаушылар вирус Ухань қаласының базарынан таралған деп есептейді. Қытайдың ресми ұстанымы да осындай. Дегенмен құрамына 17 арнайы қызмет кіретін америкалық барлау қауымдастығы түпкілікті болжамын әлі жарияламады, деп жазды "Дейли Телеграф".

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3315
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019