Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 5684 4 пікір 4 Мамыр, 2020 сағат 12:10

Халықты әбігерге сап қойған Өзбекстанға біздің билік талабын қоя ала ма?

Түнде мамама Мəскеудің сағатымен 23-30-да звондадым. Бұл кезде Қазақстанда түнгі 2-30. Мамамның ұйықтамай жатқанын білем ғой. Мамам ғана емес, біздің Жетісай өңірінің көп адамы соңғы күндері қорқыныштан ұйықтамайды.

Халықты айдың-күннің аманында осындай əбігерге сап қойған Өзбекстанға біздің билік талабын қоя ала ма? Анау су басып, үйінен, қанша малынан, малқора, шөпқарасынан, тапшан, ас үйінен, гаражынан, үй ішіндегі қанша жихазынан айырылған қазағының құқығын қорғай ала ма?

Біреу үйді кредитке салған шығар? Жаңа үйіне бір ай бұрын ғана кірген шығар? Қуанып, жихаздың бəрін жаңадан алған шығар?

Біреу балаларын қуантайын деп үлкен теледидарды кредитке алған шығар? Біреу холодильникті кредитке алған шығар? Біреу ішпей-жемей қызының жасауына соңғы үлгідегі "спальный гарнитур" апарған шығар?  Біреу көзінің майын таусып, биыл жаңадан көрпе-төсек тіккен шығар?

Белі қайысып, бала-шағасымен күн астында қарбыз-қауын, қияр, қызанақ екті. Картошкасы түйнеп, енді жейін деп жатқанда су бəрін шайды да кетті.
"Жаңа картошканы қуырып жеген дəмді ғой" деп өзіміз бала кезімізде картошканы қазып алатын кезді күтетінбіз. Соның өзі бізге қуаныш сыйлайтын. Талай баланың ұйқысы, қуанышы ұрланды.

Оу, соның өтеуін Сардоба су қоймасын саларда шекара мəселесін ескермеген Өзбекстаннан сұрай аласыңдар ма? Сендердің жалпақшешей мінездерің бізді тойдырды, шаршадық, жалықтық.

Осы күнге дейін су бермей Жетісай, Мақтарал өңірін қақсатқан өзбек билігі тыныш жатқан ауыл халқының басына өлім қаупін төндіргені үшін (Құдайға шүкір адам шығыны жоқ) жауап беруге тиіс! Бұл - табиғи апат емес, бұл өзбектердің су қоймасын дұрыс салмаудың салдары. Егер біз су қоймасын дұрыс салмасақ, Өзбекстан қаншама талабын қояр еді.

Былтыр ауылда анамның қасында болдым. Су жоқ. Қызанақты кранның суымен, яғни, ауыз сумен өсірдік. Қандай да өсімдік арықтың суымен жақсы өседі. Біз емес, ауылдағы барлық үйдің күйі сол. Өзі қалт-құлт етіп, Өзбекстан су бермесе де, қызанақ, қиярын бірдеңе етіп, өсіріп, жеп отырған, онсыз да бейнеті ауыр ауылдың халқын сорлатты-ау.

Өзбекстаннан сол суды алып беруге жарамаған биліктен не күтуім керек?
Қазақстан - өзбектердің Ресейге шығатын жолы, қанша тауарын біздің жолмен апарады. Жолымыз ауыр-ауыр КамАЗ-дардан шұрық-тесік болмай ма?

Оу, кеуделеріңде жан бар ма?
Сол суды "міне, біз сендерге мынандай көмек жасап жатырмыз" деп талабыңды қойып тұрып алуыңа болар еді ғой. Бірақ сендер шаруаны қайтесіңдер? Күнге қақталған күн адамы сендер үшін соңғы кезекте ғой.

Мен Мəскеуде ылғи "Қазақстаннанмын" деп кеуде кере айтам. Өзімді Қазақстанның қорғауындағы адамдай сезінем, жоқ, сезінгім келеді.
Шаруасын қорғай алмайтын билік шетте жүрген маған қайдан қорған болсын?!

Жоқ, мен өзіме сенем! Сіз де тек қана өзіңізге сеніңіз.
Қоғалы ауылының жігіттері екі-үш күннен бері түнде де ұйықтамай суды бөгеп жатыр екен. Ауылын, өздерін су тасқынынан қорғау үшін. Дұрыс жігіттер. Сендер бейбіт күннің батырысыңдар! Сумен алысқанша бірің мақта, бірің қауын-қарбыз егіп, шаршап, енді демалам деп едіңдер...

Құдай Жетісайым мен Мақтаралыма жар болсын!

Аягүл Мантайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333