Жексенбі, 24 Қараша 2024
5261 0 пікір 24 Сәуір, 2020 сағат 14:11

Діни экстремизм мен радикализм – жалпыға ортақ проблема

Соңғы онжылдықта бүкіл әлемде терроризм мен экстремизмнің құбылысы, оның нысандары мен көріністері байқалуда.

Экстремизм мен терроризм бүгінгі таңда ең өзекті мәселе болып отыр. Саясатта белгілі бір бағыт ретінде экстремизм радикалды көзқарастарды жүзеге асырудың түрлі әдістерін ұстанады. Ол мемлекеттің тұтастығына, қоғамның бірлігіне қатер төндіріп, зорлық-зомбылықпен, фанатизммен, өздерінің принциптерін қорғай алмайтынымен, ымыраға келмеуімен сипатталады. Өзінің қауіпті тәжірибесінде экстремизм терроризммен тығыз байланыста.

Заманауи терроризм – бұл әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шекараларының шегінен шығып, бүкіл әлемдік қоғамдастықтың қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірген күрделі, көпқырлы және аса жағымсыз саяси-әлеуметтік құбылыс. Жаһандық зұлымдықпен күресудің тиімді әдістері мен нысандарын зерттеуге арналған мемлекеттер басшыларының қатысуымен көптеген халықаралық конференциялар өткізілді. Осы форумдарда терроризмге тиісті халықаралық реакцияның оған қарсы күресудің халықаралық жүйесі талап етілетіндігі туралы бірнеше рет айтылды. Терроризмге қарсы тұру үшін бізге терроризмнің мәнін нақты анықтау қажет.

Қазіргі таңда, «терроризм» мәнінің әмбебап анықтамасы жоқ. Барлығына мәлім, терроризм экстремизммен тығыз байланысты, яғни, экстремизм терроризмнің бір бөлігі болып табылады.

Демек, «экстремизм» тұжырымдамасын алдын-ала қарастырмай, «терроризм» ұғымының мәнін ашу мүмкін емес.

Жалпы термин ретінде «экстремизм» қазіргі заманғы саясаттың белсенді айналымына жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында ғана енгізілді. 2003 жылы ЕКПА (Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы) анықтағандай, «экстремизм» – бұл парламенттік демократия принциптерін тікелей немесе жанама түрде қабылдамайтын саяси қызметтің нысаны.
Экстремизм – бұл қоғамдық-саяси жүйенің идеологиялық және институционалдық негіздерін жоққа шығаратын және заңды конституциялық тәртіпті тез арада күштеп өзгертуге шақыратын түбегейлі идеяларға негізделген саяси тәжірибе.

Заманауи терроризм мен экстремизм қоғам мен мемлекеттік қауіпсіздігіне белсенді түрде әсер ететін ауқыммен, әлеуетті арттырумен, террористтік және эксртемисттік топтар ықпалды саяси құрылымдарға айналумен, террористтер мен экстремисттердің іс-әрекеттерінің қатыгездігімен және т.б. нысандармен сипатталады. Терроризм, экстремизм және ұйымдастырылған қылмыс – бүкіл әлемдік қауымдастық үшін аса қауіп-қатер ретінде саналады.
Діни экстремизм мен радикализм – бұл жалпыға ортақ проблема. Бұл проблемамен тек кейбір мемлекеттік органдар ғана жұмыс жасайды деп айтуға болмайды. Әрбір мемлекеттік орган өзінің функционалдық ерекшеліктерінің негізінде өз үлесін қосуы қажет.

Терроризмге және экстремизмге қарсы тұру – бұл әлемде құқық пен тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды бағыты. Тіркелген қылмыстардың жалпы санының террористік және экстремистік сипаттағы қылмыстардың шамалы бөлігі болып табылатындығына қарамастан, олар қоғамның, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының теріс реакциясын тудырады.

Қазіргі таңда, осы терроризм мен экстремизмнің көрінісі мемлекетіміздің ғана емес, бүкіл әлемдік өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жастарымыз дәстүрлі емес діни ағымдардың қырларын білмегендіктен сол ұйымдарға бет бұрып кетеді.

Жастардың діни көзқарасы әлі де өзекті мәселе болып табылады және жүйелі талдауды қажет етеді. Әр түрлі себептермен дәстүрлі дінді жоққа шығаратын адамның көзқарастарына негізделген жастардың діни ізденісі ХХ ғасырдың жалпы көрінісін табады.

Жастар – біздің мемлекетіміздің болашағы, ол бізден күнделікті қамқорлық пен тынымсыз ілтипатты қажет етеді. Жастарымыздың адамзаттық болмыстағы, әсіресе,  дін саласы сияқты нәзік саладағы құнды бағдарларын білу өте маңызды. Себебі, адамның жеке тұлға ретінде көбінесе жас жылдарында қалыптаса бастайды.

Діни көзқарастағы (деструктивті діни бағыттардың ықпалына түскен) кейбір жас азаматтар өздерін қоғам мен мемлкетке қарама-қарсы қойып, қазақ халқының рухани мәдениетіне және ұлттық дәстүрлеріне теріс көзқараспен қарайтын болды. Оларда тіпті зорлық-зомблық тәсілдерін қолданумен мемлекетіміздің саяси құрылымдағы зайырлы сипатын өзгертуге ықыластары пайда болуда. Бұл көріністер қоғамда жаңа саяси-әлеуметтік пішіндердің қалыптасуына себептес.

Жалпы, дін саласында мемлкетімізде көп жұмыстар атқарылып жатыр. Салыстырмалы түрде қысқа мерзімде ұйымдастырылған жұмыс өзінің нәтижесін беріп, ал оның тиімділігі бірлікпен бірте-бірте өседі.

Мәселен, Қазақстанда діни экстермизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданған болатын.

Аталған бағдарламаның мақсаты - терроризм қауіптері мен діни экстремизимнің зорлқ-зомбылығынан адамның, қоғамның және тұтас мемлекеттің қауіпсіздігіні қамтамасыз ету.

Бағдарламаның мәндеттеріне - Діни экстремизм мен терроризм фактілерін, оның ішінде арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жолымен анықтау мен жолын кесудің тиімділігін арттыру, Қоғамда радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті және радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру, Діни экстремизм мен терроризм актілеріне ден қою, сондай-ақ олардың салдарын барынша азайту және (немесе) жою жүйесін жетілдіру, Қазақстан Республикасы халқының радикалдануына сыртқы факторлардың ықпал етуін төмендету жатады.

Сонымен қатар, аталған бағдарлама - діни алауыздықты немесе араздықты тудыруға бағытталған экстремистік идеяларды жақтаушы адамдар санын, Қазақстан Республикасының аумағында терроризм актілеріне ден қою, сондай-ақ терроризм салдарын барынша азайту және (немесе) жою дайындығының деңгейін және алды алынған және уақтылы жолы кесілген (ой-ниетті қалыптастыру, дайындау, шабуылдау сатыларында) экстремистік сипаттағы террористік және өзге де зорлық-зомбылық акцияларының үлесін азайтуды көздейді.

Мемлекетіміздегі діни ахуалдың тұрақталуы туралы негізгі бағаны беретін – халық. Осы кезеңде жұмыстың стратегиялық жолмен таңдалған бағыттарын жалғастыру, іс-тәжірибені біртіндеп жақсарту маңызды. Енді біз конфессияаралық келісімге, жоғары мәдениетке және қоғамды тәрбиелеуге негізделген еліміздің рухани байлығын сақтау және одан әрі арттыру үшін бәрін жасауымыз керек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570