Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2927 0 пікір 10 Маусым, 2018 сағат 06:42

Ішкі Көші-қон: Елге ел қосылса - құт!

Еліміздің оңтүстігінен ауыл шаруашылығының жілігін шағып, майын ішкен мамандар келе бастады біздің өңірге. Мақсат - Шығыстағы пайдаға жаратылмай жатқан жер телімдерін игеріп, аймақта азық-түлік белдеуін дамыту, мал басын өсіру, сондай-ақ, халық санының аздығынан құрып кету қаупі төніп тұрған шағын ауылдардың тамырына қан жүгіртіп, жан бітіру. Мінеки, осы проблемаларды шешуге тырысқан облыс басшылығы жаңа бастама көтерді.

Иә, ауыл тұрғындарының қатары жылдан-жылға сиреп барады. Урбанизациямен «ұшынған» ауылдағылардың атамекенін тастап, қалаларды жағалап кеткені рас. Орталықтан шет жатқан елді мекендердің көпшілігінде оқушылардың жетіспеушілігінен мектептердің басына бұлт үйірілді, мәдениет ошақтарының есігіне қара құлып салынып, көпшілік ғимараттар қаңырап бос қалды. Заманында дүрілдеп тұрған мекемелердің тоз-тозы шығып, қирандыға айналды...

Қала жағалағаннан да қашатын уақыт жетті

Еліміздің оңтүстігінен ауыл шаруашылығының жілігін шағып, майын ішкен мамандар келе бастады біздің өңірге. Мақсат - Шығыстағы пайдаға жаратылмай жатқан жер телімдерін игеріп, аймақта азық-түлік белдеуін дамыту, мал басын өсіру, сондай-ақ, халық санының аздығынан құрып кету қаупі төніп тұрған шағын ауылдардың тамырына қан жүгіртіп, жан бітіру. Мінеки, осы проблемаларды шешуге тырысқан облыс басшылығы жаңа бастама көтерді.

Иә, ауыл тұрғындарының қатары жылдан-жылға сиреп барады. Урбанизациямен «ұшынған» ауылдағылардың атамекенін тастап, қалаларды жағалап кеткені рас. Орталықтан шет жатқан елді мекендердің көпшілігінде оқушылардың жетіспеушілігінен мектептердің басына бұлт үйірілді, мәдениет ошақтарының есігіне қара құлып салынып, көпшілік ғимараттар қаңырап бос қалды. Заманында дүрілдеп тұрған мекемелердің тоз-тозы шығып, қирандыға айналды...

Қала жағалағаннан да қашатын уақыт жетті

Айтып тауыса алмайтын ауыл мәселесінің түйінін қалай тарқату керек?! Мұны шешудің бір жолы халқы тығыз қоныстанған оңтүстік аймақтан Шығыс Қазақстанға көптеп адамдар тарту. Жай ғана адамдар емес, қолынан іс келетін, кәсіптің қыр-сырын білетіндерін. Әсіресе, ауыл шаруашылық саласында тәжірибесі бар мамандарға сұраныс жоғары. Осы орайда аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ тікелей тапсырмасымен Ұлан ауданының әкімі Жомарт Мұратов Оңтүстік Қазақстанға арнайы сапарлап қайтқан, артынша өзінің орынбасары Сіләмғазы Нұғманов бастаған төрт адамнан тұратын делегация аттанды ол жаққа.

- Оңтүстікке біздер еріккеннен барған жоқпыз. Бәріміз білеміз, бүгінде облысымыздағы көпшілік ауылдарда жаппай қоныс аудару белең алып, жұмыс күші азайып кетті. Мектептердің жабылып қалу қаупі көкейкесті мәселеге айналды. Айталық, Ұлан ауданындағы бос үйлері үңірейіп, құлазып қалған Манат, Борсақ, Жанұзақ, Ақтау, Азово, Таврия сынды елді мекендер кезінде қандай еді, еңбек қазаны қайнап жататын. Құстың базарындай болған білім ошақтарының бүгінгі мүлгіген тыныштығын көргенде жүрегіңіз ауырады. Сондықтан күйі келмей тұрған шағын ауылдарды қайтадан түлету мақсатымен Оңтүстік Қазақстанға барып, ондағы ағайындарды елге шақырып қайттық, - деп ойын ортаға салған «Нұр Отан» ХДП-ның Ұлан аудандық филиалы төрағасының орынбасары Марат Әкірамов оңтүстік өңірде көзбен көріп, көңілге түйіп қайтқан дүниелерімен бөлісті.

Партия өкілінің сөзіне қарағанда Оңтүстік Қазақстанда тұратын халықтың басым бөлігі суармалы жерлердің игілігін тиімді пайдаланып, көкөніс өсірумен, бау-бақша күтумен, мал бағумен шұғылданады. Күн-түн демей еткен еңбектің арқасында тұрмыстары жақсарып, агроөнеркәсіптің өркендеуіне айтарлықтай үлес қосып жатқан жайлары бар. Қысқасы, бүгінде еліміздің барлық аймақтарына жеміс-жидегін, көкөністерін жеткізіп, саудалаған бұл ағайындар бейнеттің зейнетін көріп отыр. Енді олар Шығыстың құнарлы топырағынан мол өнім алсақ дейді. Сол үшін біздің шақыруымызды қабыл алып, кәсіпкерлердің алғашқы тобы Алтай бауырына ат басын тіреп үлгерді. Алыстан келген азаматтарға Ұлан ауданының әкімі Жомарт Мұратов бастаған өкілдер жер жағдайымен таныстырып, облысымыздың біраз өңірлерін аралатып көрсетті.

- Ұлан ауданының бірқатар жерлерін аралап шықтық, бізге Айыртау ауылдық округінің табиғаты ұнады және тұрған жері де шаруамызға келеді екен. Негізінен біз мал өсірумен, соның ішінде бордақылаумен айналысамыз. Аудан әкімшілігі жақсы қарсы алып, жағдай жасап жатыр. Мал бордақылау алаңын салуға 10 гектар жер алдық, енді тағы жайылымға 1 мың гектар береміз дейді. Алғашқыда 300 бас малмен бастап, 1 мыңнан асырсақ деген ой бар. Суық түскенше алған жерлерді жыртып, әртүрлі жұмыстар жасап қойсақ, келер көктемде шаруаны бірден бастап кетеміз, - деген «Нұрәлі» шаруа қожалығының жетекшісі Шерәлі Усманов мал семіртуге қажетті жемшөп Шығыста да табылатындығын айтты.

Оның сөзінше сояның біздің ауа райына келетін, яғни 75-80 күнде пісетін жаңа түрі бар екен, соны кәдеге жаратса, мал бордақылауға тамаша азық болмақ. Одан басқа арпа, бидай, күнбағыс күнжарасы сияқты жемшөптік дақылдар жетіп жатыр. Кәсіпкерлер қажеттілік туса мақта күнжарасын оңтүстіктен әкелуге ниетті.

Шыбық қадасаң шынар болып өсетін жер көп Шығыста

Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстаннан көкөніс өсірудің жайын жақсы меңгерген бақшашылар да келді. Сонау Сарыағаш ауданынан ат шалдырып жеткен тәжірибелі диқан, көкөніс шаруашылығы бар кәсіпкер Арапбай Орынбаев шыбық қадасаң шынар болып өсетін Шығыстың топырағына қызығушылық танытуда.

- Сіздердің аймақтың жері шұрайлы екен. Егіншілікке жарап тұр. Ұлан ауданы Саратовка ауылының маңынан 20 гектардай жер алып, құжаттарын рәсімдеуге кірістік. Бұл әрине аздау, қосымша тағы жер телімдерін алу жос-парда бар. Осы 20 гектарға алдымен картоп, сәбіз, қияр егіп бастаймыз. Сол сияқты көшеттерді өсіру үшін осында шағын жылыжайлар салуымыз керек. Күзде жер жыртуды бастасақ, егістік қамына келесі жылдың сәуір айынан кірісетін шығармыз. Жергілікті жердегі басшылар барлық жағынан көмектесуге сөз берді, техника да, жер де табылатын болды. Жұмыс жақсы жүріп кетсе әрине бала-шағамызды, ағайын-туыстарымызды көшіріп аламыз, - деді.

Облыстың біраз жерін аралап көрген оңтүстіктік кәсіпкерлер Ертістің суын пайдалануға баса назар аударды. Олардың пікірінше екі-үш метрдей төменде орналасқан өзен суын шығарып, мыңдаған гектар алқапты суландыруға мүмкіндік бар. Ең алдымен осыны қолға алмақшы.

Ұлан ауданы қолға алған тың бастаманың облыстағы өткір тұрған біраз проблемалардың шешілуіне өз ықпалын тигізетіндігіне бастамашы топ кәміл сенімді. Бір оқпен бірнеше қоянды атып алуды көздеген билік өкілдері бұл байланыстың екі облыс үшін де тиімді болатындығын ескертуде.

- Кеңес заманында біздің ауданда 11 мың 300 гектар суармалы жер болған, қазір мұның бар-жоғы 4 мың гектары (32%) ғана қолданыста. Оған қоса ірілі-ұсақты 18 өзен, 14 су қоймасы бар. Осылардың бәрін тиімді пайдалануда, жалпы ауыл шаруашылық өндірісін дамытуда оңтүстіктен келетін ағайындардың тәжірибесі септігін тигізеді. Екіншіден, халық саны кеміп, мектептері жабылуға жақын тұрған шағын ауылдарға адамдар қоныстандырсақ. Азық-түлік белдеуі, ет-сүт өндіру сияқты шаруаларды одан ары дамыта түссек деген мақсатымыз бар, - дейді Ұлан аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы Аманкелді Серғазин.

Ауыл халқының саны Шығыста шынымен де тым аз. Айталық, Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында 277,4 мың адам тұрса, Сайрам ауданында 259,9 мың, Сарыағашта 263,8 мың адам өмір сүреді. Ал Шығыс Қазақстан облысының  Ұлан ауданында бар-жоғы 43 мыңнан астам тұрғын болса, Күршім ауданында халық саны 40 мыңға да жетпейді екен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5602