Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
46 - сөз 6923 29 пікір 13 Мамыр, 2020 сағат 12:55

Ертең домбыра сындырғыш Вася, Машаларға өкпелемеңіздер!

Алмахан апай өте дұрыс мәселе көтеріп отыр! Анау саябақтағы домбыра - "Абай домбыраның" макеті емес! Бұл бір. Екінші ұлттың бойтұмарына айналған қазақтың қара домбырасын әркімнің табанына төсетіп қойып, ертең өзгелерге "бұл қазақтың ұлттық құндылығы" деп айтып көріңіз!

Мен түсінем. Креатив деген болады. АҚШ-тағы асфалтте жатқан "жұлдыздарды" айтарсыздар, әрі кетсе! Бірақ, бұл - идеология! Бізде осы идеология деген дүние әбден ақсап тұр. ЕАЭО - бұл экономика! ТС - экономика! Халықаралық интеграция - бұл да экономика! Күнделікті жүріп-тұруыңыз да, киініп-шешінуіңіз де, ішіп-тышуыңыз да - экономика! Керек десеңіз, мынау коронавирусіңіз де - экономика! Біз барлығына экономикалық тұрғыдан баға беріп, экономикалық тұрғыдан көзқарас қалыптастырып келеміз! Хош! Дұрыс-ақ! Ал идеология ше?

Әлгінде, Астанадағы жалаңбұт, қызыл бас, есалаң біреу домбыраны сабалап ұрып сындырып жатқанда осы желіде намыстанбаған адам қалмаған шығар. Ендеше? Бүгін домбыраны аяққа таптап бердік пе, ендеше ертең әлгіндей есалаңдарға өкпелеудің керегі де жоқ! Өз ойым!

Нұргелді Әбдіғаниұлының әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

29 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1320
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2886
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 973
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 904