Жексенбі, 24 Қараша 2024
1786 0 пікір 16 Сәуір, 2020 сағат 21:41

Төтенше жағдай кезінде ауызашар өткізілмейді

2020 жылдың табалдырығын бүкіл адамзат баласы үлкен қиындықпен аттады. Қазақстанға көршілес Қытай халық республикасы аумағынан бастау алған коронавирус пандемиясы күннен-күнге өршіп, ертек алып барады. Тіпті бұл індет барша әлем жұртшылығын әбігерге салуды деуге толық негіз бар. Аталған аты жаман ауыру дүние жүзінде бірнеше миллион адамға жұғып үлгергені белгілі болды. Тіпті бұл індеттен әлемде неше жүз мың адам қайтыс болып, адамзат баласының соңғы жылдардағы ең қауіпті жауына айналып отыр.

Ортақ ғаламның ажырамас бір бөлегі ретінде бұл індет біздің елге де, сүйікті Қазақстанымызға да келді. Әрине өкіншіке орай осылай болып тұр. Өзіміздің елдегі жағдайға назар аударсақ, қазіргі таңда елімізде бірнеше мың адам коронавирусты жұқытырып алғаны анықталды.

Әрбір азамат Қазақстан Республикасының баға жетпес байлығы. Осыны басты назарда ұстаған ел билігі бүгінгі таңда вируспен күрестің ортасында жүр. Коронавирус індетін жұқытырып алған алғашқы отандасымыз анықтала салып, елімізде індеттің алдын алу іс-шаралары қатаң түрде қолға алынған болатын. Коронавирустың бертін қайтаруға бағытталған мемлекеттік шаралар әлі де тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей бастамасымен әрбір қазақстандық аты жаман ауыруды жеңіп шығу мақсатында тынбай күрес жүргізіп жатыр.

Вирус жұқтырған қазақстандық науқас анықтала сала елімізде біртұтас төтенше жағдай жарияланды. Бәріміз білетіндей, 16 наурыздан бастап елде жарияланған төтенше жағдай әлі күшін жойған жоқ. Бүгін міне тура бір ай толып отыр. Төтенше жағдаймен қатар еліміздің бірқатар аумағы карантинге жабылды. Ең алдымен ел астанасы Нұр-Сұлтан мен оңтүстік астана Алматы қаласы, одан кейін Шымкент қаласы және басқада өңірлер карантин режиміне көшті.

Дер кезінде жүргізіліген осынау сақтық шараларының арқасында коронавирустың елімізде жаппай таралуының алды алдынды деуге негіз бар. Әрине вирус мүлде таралған жоқ деп өтірік айтуға қақымыз жоқ. Мемлекеттік ресми ақпараттарға сүйене отырып нақты санды мәліметтер күн сайын ашық жариялануда. Мұның бәрі халыққа қол жетімді.

Елде төтенше жағдай жарияланып, карантин режимінің енгізілуіне байланысты, адамдардың қалыпты тұрмыс салты бұзылғаны рас. Сауда орталықтары, ойын сауық мекемелері, базарлар, мәдени-спорттық  орталықтар толық жабылды. Сонымен қатар діни орындар да өз қызметін уақытша тоқтатты. Мешіттер, медіреселер мелмкет заңына сай қызметін тоқтата тұрды.

Айта кетерлігі, сәуір айының 24 жұлдызы мұсылман қауымы үшін аса қасиетті рамазан айы кіреді. Басқа күндер болса туысқандар, таныстар, қызметтестер бір-бірін ауызашарға шақырып, өзара жақсы тілек, жақсы ниеттерімен бөлісер еді. Ал төтенше жағдай кезіндегі жағдай өзгеше. Мұндайда адамдардың топтасуына, бас қосуына, жиналуына болмайды. Сол үшін карантин кезіндегі рамазан айы, ауызашар да өзгеше болғалы тұр.

Енді осы сөзімізге дәлел ретінде 2018 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Түркістан облысындағы ауызашар, ораза секілді діни жоралғылардың қалай жүзеге асатынымен таныстыра кетейік. Биылғы жылы Түркістан облысында Рамазан айындағы ауызашар секілді діни жоралғылар өткізілмейді екен. Сонымен қатар облыс көлеміндегі мешіттерде тарауих намазы оқылмайтын көрінеді.

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйеніп айтып отырмыз. Аталған хабарламада айтылуынша, тұтас ел көлемінде жарияланған төтенше жағдай кезінде бір атап өткен діни жорағыларды атқарудың өзгеше үлгісі енгізіліп отыр екен.

Мұндай мәлімдемені Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша Бас имамы Мұсабек Ақтамберді жеткізді. Облыстың бас имамы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында  Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сілтеме жасай отырып, төтенше жағдай режимінде ауызашар секілді діни жоралғылардың қалай өтетінін түсіндірді.

Облыстың Бас имамы Мұсабек Ақтамберді аталған баспасөз мәсілихатында ауызашар, тарауих намаздары секілді бірқатар діни жоралғыларды қалай орындау керек екенін және елдегі діни мерекеге дайындық барысы жайлы айтты. Сонымен қатар облыс көлеміндегі жалпы діни ахуал жайлы да сөз етті.

Ол кісінің айтуынша, елімізде коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай жарияланып, оның мерзімі сәуір айының соңына дейін ұзартылғандықтан рамазан айындағы жоралғылар, ауызашар беру, тарауих намазын қалай өтеу мәселелер төңірегінде арнаулы тәртіп бекітілген көрінеді. Ол бойынша, тарауих намазы мешіттерде оқытылмайды, қайта адамдар үйде өздері оқиды. Сонымен қатар, үйде, дәмханаларда көп адам жиналып ауызашар беруіне жол қойылмайды.

«ДДСҰ жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты елімізде төтенше жағдай енгізілгені белгілі. Бұл сәуір айының соңына дейін созуына байланысты Рамазан айының алғашқы күні, жамағатпен тарауих намазы, ауызашар беру мәселелерінің тәртібі белгіленді. Осы ретте ҚМДБ-ның Ғұламалар кеңесі келесідей тәртіпті ұсынады. Жарияланған төтенше жағдайға байланысты мешіттерде тарауих намазы уақытша оқылмайды. Әркім өз үйінде тарауих намазын отбасымен өтейді. Көпшілік орындарда (дәмхана, мейрамхана т.б.) жиналмауға үндейміз. Қазіргі жағдайға қарай ораза ұстаған адамдарға ауызашар берудің орнына келесідей амалдарды жасауға шақырамыз. Мейрамханаларға тапсырыс беріп, ауызы берік адамдарға тамақ тарату, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік тарату, ауызашарға жұмсалатын шығындарды ораза ұстаған адамдарға қаржылай беру де мол сауап болады», – деді Мұсабек Ақтамберді.

Сонымен бірге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осындай қиын-қыстау күнде, төтенше жағдай кезінде мұсылман қауымын берке-бірлікке, сабыр сақтауға шақырды. Мемлекет жалпы жағдайды бақылауда ұстап, бәрін тәртіп бойынша жүргізіп отырғандықтан, орынсыз үрейленіп, халықты дүрліктіруге жол бермеу керек. Сабыр сақтап және Алла Тағалаға дұға етуге шақырады. Әрі заң талаптарына, карантин ережелеріне қатаң бойсынуды сұрады.

Еліміздің оңтүстік өңірі, Түркістан облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жеті жүз қырық сегіз филиалдары мен мешіттері жұмыс істеп келеді. Мемлекет заңымен сәйкес жүргізіліген діни бағыттағы үгіт-насихаттардың арқасында аталған аймақтағы діни ахуал өте тұрақты деп бағалауға болады.

Сөз соңына қарай, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирус пандемиясына байланысты жасаған мәлімдемесімен бөлісе кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айында ауызашар секілді діни жоралғыларды туыс-туғандарымен бір дастарқан басында бас қоспай-ақ, онлайн режимде немесе өзге де бейнебайланыс құралдары арқылы өткізуге шақырды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы таратқан мәлімдемеде сонымен қатар жалсы ұлғайған кіслер, әсіресе жасы алпыс бес жастан асқан кісілердің адам көп жиналып, шоғырланатын жерлерге бармағаны дұрыс екені айтылды. Сонымен бірге денсаулығы сыр беріп, өзін жайсыз сезінетін адамдарға да осындай шектеу қойылады. Ал басқа жағдайларда жолыққан адамдар өзара бір метр қашықтықты сақтай отырып, ишара арқылы амандасықаны жөн. Мұндай бір-біріне бас изеу, қол көтеріп ишарат білдіру және қолды кеудеге қойып, іздет білдіруге болады. Бұл біріншіден сақтық шараларын ұстанып, денсаулыққа көңіл бөлу болса, екіншіден өзара сыластықты аттыруға септігі тиеді.

Тағы бір маңызды мәселе, ауыз бекіту барысында кейбір адамдардың иммунитеттік қабілеті әлсіреуі де мүмкін. Бұл әрине адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Сол үшін де дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз бекіткен мұсылмандарды көкөністі және жеміс-жидектерді көбірек жеуді, пайдалы сұйықтықты көп ішуді ұсынып отыр. Сонымен бірге азамдарды коронавирус тарап жатқан қысылтаяң кезде темекі тарту секілді ағзаға зиянды нашар әдеттерден арылуға шақырды.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пікіріне сүйесек, рамазан айында ораза ұстағанда организм белгілі мөлшерде әлсірейді. Оның үстіне қазір коронавирус жалпы әлемде өршіп тұр. Бұл аты жаман ауыру негізіне осындай иммунитеті әлсіз адамдарға тез жұғатынын ғалымдар анықтап отыр. Сол үшін діни жоралғыларды өтеу барысында денсаулық мәселесін естен шығармау керек екені ұсынылды. Біріккен ұлттар ұйымы да бұл ұсыныстарға қолдау танытып отын.

Қазір христандар «Пасханы», еврейлер «Песахты» тойлап жатыр. Жақын күндері мұсылмандардың «Рамазан айы» да басталады. Бұл орайда барлық дін өкілдерін бірігіп, алдымен қауіпсіздік шараларына мұқият болуға шақырамын.  Иә, бұл мерекелерде жақындар жиналып, сағынышын басады. Бірге тамақтанады. Түрлі кештер ұйымдастырады. Дегенмен, биыл пандемия жағдайында өткендіктен, барлық ұсынылған нұсаулықты орындауға шақырамын, - дейді Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш мырза.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5678