Жұма, 16 Мамыр 2025
2812 0 пікір 21 Мамыр, 2020 сағат 12:55

Маңғыстау облысында заңсыз мұнай өндіргендер анықталды

Маңғыстау облысында жарты миллиардтан аса сомаға 3 мың тоннадан аса заңсыз мұнай өндіргендер анықталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу бойынша қылмыстық істі тергеу жұмысын аяқтады.

Тергеу барысында SK Petroleum ЖШС-нің 2019 жылғы тамыздан бастап "Солтүстік Қарамандыбас" мұнай кен орнынан Жаңаөзен қаласындағы мұнай құятын базаларға жалпы көлемі 3441,408 тонна шикі мұнай тиегені анықталды.

SK Petroleum ЖШС-де заңсыз өндірілген 3367,056 метрикалық тонна көлеміндегі шикі мұнайдың орташа нарықтағы құны сарапшылардың сараптама қорытындысы бойынша - 581 724 571 теңге.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2663
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4337