Жексенбі, 9 Тамыз 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 97829. Жазылғандар — 71609. Қайтыс болғандар — 1058
46 - сөз 1588 4 пікір 1 Маусым, 2020 сағат 16:50

Балық жады қоғамбыз ба?

Сіз балық жайлы ойланып көрдіңіз бе? Жалпы балықты жегеннен басқа, ол жайлы не ақпарат білеміз? Балықтың миға пайдасы барын жақсы білеміз, бірақ балықтың миы жайлы ше? Қызықтың көкесі сонда. Балықтың есте сақтау қабілеті бар болғаны 8 секунд. 8 секунд жарқ еткеннен кейін, ол үшін ақпарат жойылып, өмір қайта басталады. Сондықтан да ол бір түскен қармағына қайта айналып түсіп қалуы мүмкін.

Ее, біз ше? Біздің жадымыз қандай? Есте сақтауымызды айтамын? Сайттар сұмдық геноцид жайлы жазып жатыр, әлеуметтік желі ақпараттарға толып кетті. Бірақ ертең жаңа күн туады. Сөйтіп біз 364 күнге бұл геноцид жайлы жылы жауып қоя тұрамыз. Жылдағы сценарий.

Күн сайын қайғыға бат демеймін. Күн сайын Аза тұту да ақымақтық. Бірақ бұл зұлмат тек мамырда айтылып, 11 ай бойы жабулы қазанның кейпінде жатпауы керек қой. Қоғамға айтылып, есіне салып тұру абзал. Идеология деген содан басталады. Адамның жадына ақпаратты сіңіріп тастаудың басты жолы, оны қайталай беру. Күні-түні.

Арнайы идеологиялық бағдарламалар мен орталықтар бар. Ішкі саясат бөлімдері дегендей. Солар тек арнаулы даталарда қолға гүл, жүрек тұсына лента жабыстырып, қабақтан қар жауып, ескерткішке барумен шектелмей, ай сайын арнайы роликтер жасап, мақалалар беріп тұрса, қоғам санасы ақпаратты қабылдай береді. Біртіндеп сіңеді. Ми өзі сондай дүние. Көзден кетсе, көңілден кетеді. Бұл сөз тек адамға қатысты емес, ақпаратқа да қатысы бар. Егер біз расымен декоммунизацияны бастан өткізгіміз келсе, онда жүйелі жұмыс болу керек.

Түсініңіз. Ленин мен Сталиннің ескерткішін құлатып тастау оңай, бірақ оларды кей кеңестік адамның миынан шығарып тастау қиын. Ашаршылық пен саяси қудалау жайлы айту оңай, бірақ оны кей кеңестік адамға "Геноцид" екенін түсіндіру қиын. Ол үшін жүйелі жұмыс, үздіксіз ақпарат керек. Олай болмаса, біз балық жады күйімізде жүре береміз. Қазір есте бар, ал ертең жоқ.

Асхат Қасенғалидың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

4 пікір