Сенбі, 23 Қараша 2024
3785 2 пікір 8 Маусым, 2020 сағат 14:08

«Қазақстан темір жолы» 13 мыңнан астам қызметкерін қысқартады

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ орталық аппараттың қатардағы қызметкерлері мен басқарушы директорларының санын қысқарту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды zanmedia.kz.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев бұл шешімнің жолаушылар тасымалының тоқтатылуына және компанияның жұмсаған шығындарына байланысты жүзеге асып жатқанын түсіндірді.

Биыл компанияның 7 мыңнан астам қызметкері қысқартылады. Олар – шаруашылық цехының қызметкерлері, локомотив және жөндеу бригадалары, сондай-ақ, жүк автокөлік жүргізушілері.

«Қазақстан темір жолында» 900 қызметкерге дефектоскопты арбалар операторларының штатын қысқарту, сондай-ақ, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда және Орал қалаларындағы жүк тасымалдау бөлімшелерінің 2 мыңнан астам теміржолшысын жұмыстан шығару жоспарлануда.

Сонымен қатар, қазақстандық компанияда 3,5 мыңнан астам әскерилендірілген күзет қызметкері қысқарды. Нәтижесінде, осы жылы «Қазақстан темір жолы» 13 мыңнан астам қызметкерінен айырылады.

Компанияның қатардағы қызметкерлерінен басқа, орталық аппараттың 9 басқарушы директоры да қысқартылады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев бұл шешімнің жолаушылар тасымалының тоқтатылуына және компанияның жұмсаған шығындарына байланысты жүзеге асып жатқанын түсіндірді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377