Сенбі, 23 Қараша 2024
2618 1 пікір 8 Маусым, 2020 сағат 14:38

Алматының Жасыл экономика басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Жасыл экономика басқармасының басшысы лауазымына Наталья Ливинская тағайындалды,- деп хабарлайды қала әкімдігі.

Наталья Ливинскаяның екі жоғары білімі бар, халықаралық қатынастар магистрі.

Еңбек жолын жеке компанияда жоба менеджері болып бастаған. Сонымен қатар, «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері Университетіі» АҚ өңіртану кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеген.

Мемлекеттік құрылымда 2013 жылдан бастап жұмыс жасауда. «Алматы қаласын дамыту Орталығы» АҚ урбанистика Орталығының басшысы, ал 2019 жылы Алматы қаласы Жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының орынбасары болды. Бүгінгі күнге дейін қала әкімінің урбанистика жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381