Сенбі, 23 Қараша 2024
Аймақ 3889 5 пікір 9 Маусым, 2020 сағат 11:21

Әкімдіктің шалағайлығы наразылықа әкеліп соқты

 Жалпы, біздегі биліктің, әсіресе жерлігікті жердегілердің, қарапайым халықтан іргесін аулақ салып, ара жігінің ажырап кеткендігі ешкімге де құпия емес. Бұл - оларға не жоғарыдан, не төменнен бақылаудың жоқтығынан туындаған тым «созылмалы» сырқат. Осының салдарынан бұлар халықпен немесе олардың өкілдерімен емін-еркін, бүкпесіз ашық сөйлесу, сүйкімсіздей болса да пікірін тыңдау яғни тең дәрежеде диалог жүргізу секілді демократиялық әдіс-тәсілдерден мүлдем жұрдай болған. Сондықтан да олар халықтың сәл де болса наразылығынан қорқып, кең кабинеттерінде тығылып отыруды дәстүрге айналдырған. Сірә, «Сен тимесең, мен тимен, бадырақ көз» деген саясат қандай қиындықтан құтқарады дегенге мықтап сенсе керек.

Ал мұның өзі кейде адам күлерлік, үлкен бір комедияға жүк боарлық сиықсыз оқиғаларға әкеліп соғатындығын қайтерсің. Жақында біздің Қостанай қалалық әкімдігі осындай жағдайды бастан өткеріп, халықты бір күлкіге қарық қылды.

Қала тұрғындары кешегі сенбі күні таңертең бала-шағаларын алып, осы шаһардың орталығындағы саябаққа ағылмай ма? Сөйтсе олардың алдын полиция қызметкерлері бөгеп, ешқайда жібермейді. Аң-таң қалып, аңырған жұртқа: «Бүгін мен ертең бұл саябақта короновирусқа қарсы дезинфекция шаралары жүргізіледі. Сондықтан оған ешкім де жіберілмейді» деп бір-ақ кеседі. Бұған наразы болған жұрт айқайға басады. Оның аяғы экономикалық талаптарға ұласады. Жиналғандар қымбатшылықтың бой бермей бара жатқандығын, аз ғана зейнетақының ештеңеге жетпейтіндігін айтып, бұларды қалай шешетіндігін сұрап жатты. Ал кейбіреулері: «біздің де 500 мың теңге айлақ алғымыз келеді» дегенді де қыстырып қояды.

Мұндайды күтпеген жергілікті билік, баяғы сол ескі әдісіне салады. Қалалық әкімдіктен қала әкімінің орынбасары Андрей Финк пен қалалық ардагерлер қоғамының төрағасы Юрий Харьяков дереу жеткізіледі. Екіншісінің бұған қандай қатысы бар екендігін, бір құдай білсін. Әкімдіктегілер сірә мұнда тек еріккен зейеткерлер жиналып, қысыр әңгіме соғып жатырған шығар деп топшылаған болар. Шенеуніктер бұларды отырып, еркін сөйлесуге әкідіктің ғимаратына шақырды. Жиналғандар одан бірден бас тартты. Наразы топ өздеріне облыс әкімінің келуін талап етті.

Қызық бұдан кейін басталды. Әлгі екеуі кеткеннен соң, жарты сағат өтер-өтпестен екі шағын автобус келіп тоқтап, жиналғандардың тарауын талап етті. Негізінен әйелдерден құрылаған бұл азғана топтың ішінен бірнешеуін автобусқа салып, алып кетті. Ал бұл оқиғаны көзімен көруге ұмтылған тілшілерге полиция қызметкерлері кедергі келтіріп бақты.

Міне, халықпен дұрыс жұмыс жасаудан мақұрым қалған, тек кабинеттік тәсілді ғана меңгерген билік осылайша наразылық митингісін өздері жасап алды. Бұлай деуіміздің өзіндік сыры бар. Жарайды, сенбі-жексенбі күндері саябақты дезинфекциядан өткізсін делік. Ендеше неге осы туралы алдын-ала хабарланбайды. «Осылай да осылай, бұл күндері саябақтан басқа жаққа қыдырыңдар» деп. Сонда жиналған топтың бетін бірден қайтаруға мықты себеп бар еді. Оның орнына неге екені белгісіз, осында қаншама ақпарат құралдары бола тұра, жұрт мүлдем хабарсыз қалды. Сосын, әлгі дезинфекция деген дүние не себепті демалыс күндері емес, мәселен, бейсенбі мен жұма күндері неге өткізілмейді? 

Мүмкін, мәселенің мәнісі сол дәл сенбіде, яғни 6 маусымда шығар. Мүмкін бұл жергілікті биліктің анау шетелде жатып, жұрттың бәрін наразылыққа шақырудан шаршамайтын, партиясы заңсыз деп жарияланған «мықтының» өзінің кезекті «саяси шарасын» осы күнге белгілеуіне қарсы жасаған өзіндік қам-қарекеті болар. Көзі ашық жұрттың ол олигархтың бұл кезекті үндеуін естімеді дейсің бе? Сосын, әрине, саябақтың жабылуын осы оқиғамен байланыстыратынндығы қисынға келмейді деп қалай айтарсың.

Мәселе, тіпті сол олигархта ғана емес. Әңгіме, жергілікті биліктің мұндай әрекеттерге дайын еместігі. «Қорыққанға қос көрінеді» дегендей өздерінше дұрысы саябақты жауып тастаған деген ойға келген болар шамасы. Оның үстіне әдетте халық жиналатын жер - облыстық әкімдіктің алдындағы алаң. Ол сол саябақтың жанында. Осыны сылтау еткен билік оны да жауып тастады. Рас, сәлден кейігн әкімдіктің алды ашылды. Сірә, билік өздерінің қатесін түсінген болар.

Ал біздің түсінбегеніміз, бірнше әйелді автобусқа салып әкеткеннен мәселе шешіле қояр ма екен? Мүмкін, саябақтың жабылатындығын бір емес, бірнеше күн бұрын жұртты хабардар еткенде ешкім де мұнда келмес те еді. Демек, бар кінә қала әкімдігінде. Өздерінің бейжайлығы мен немкетілігінен стихиялы митингіге ұласатын, мағынасыз әрекетті қолдан жасап алды. Олардың фантазиясының жеткен жері осы болса, қайтерсің.

Жайберген Болатов

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406