Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы маусымда ашылады
Маусым айының соңында Қазақстан және Түркия арасындағы халықаралық рейс қайта қалпына келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.
«Осы жылдың 1 мамырынан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан еліміздің 20 қаласына ішкі әуе рейстері кезең-кезеңімен жанданды. Қазіргі таңда 44 ішкі бағыт бойынша аптасына 349 рейс орындалуда. 188 мың әуе билеті сатылды. Сонымен қатар, халықаралық рейстерді кезең-кезеңімен жандандыру жоспарланып отыр. Осы маусым айының соңында Қазақстан және Түркия арасында халықаралық рейсті қайта ашу көзделген», - деді министр Үкімет отырысында.
Сонымен қатар эпидемиялогиялық жағдай әрі қарай жақсарып жатса, басқа елдерге әуе қатынасын ашу жоспарланып отыр.
Abai.kz